
Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Азаматтарды жеке қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Астана қаласының, Абай, Ақмола және Қызылорда облыстарының тұрғындары көлік қызметтері және ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әуе билеттерінің бағасын жеңілдету, тіркелген жеріне қарамастан басқа қалаларда инватакси қызметін пайдалану мүмкіндігін қарастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, инва-купеге билеттерді онлайн сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді және теміржол билеттеріне қатысты комиссиялық төлемдер мәселелері қаралды.
Бұдан бөлек, Абай облысы, Мамырсу ауылындағы «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыру, оның ішінде бағдаршамдар орнату және мал өту жолдарын жабдықтау мәселелері қозғалды.
Жеке қабылдау қорытындысы бойынша министр тиісті түсініктемелер беріп, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне өтініштерді белгіленген тәртіппен қарауды тапсырды.