Қуаныш Дайырбеков Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппарат басшысы лауазымына тағайындалды

Қуаныш Дайырбеков Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппарат басшысы лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен Қуаныш Рысбекұлы Дайырбеков Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Қуаныш Дайырбеков 1978 жылы Алматы қаласында туылған

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Қазмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясында инженер, жетекші маман болып бастаған.

20022013 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің СалықҚаржылық бақылау және Қаржылық мониторинг комитеттерінде түрлі қызметтер атқарған.

20132016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты болып қызмет атқарған

2016–2025 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымда қызметтер атқарды.