
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Komtrans+BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.
Астанада «Komtrans+BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025» халықаралық көрмесі өтті. Іс-шараға Қазақстан мен шет елдерден 200-ден астам қатысушы жиналды.
Іс-шара көлік және логистика саласын дамытуға, озық шешімдерді көрсетуге, тәжірибе алмасуға және іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған тиімді алаң болып табылады.