«Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығымен бекітілген Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізілді (бұдан әрі – Бұйрық), оның ішінде:
- «доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР нормаларына сәйкес келтіру, газбен жұмыс істейтін көлік құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
- газбаллонды жабдыққа арналған паспорттың болуын және көлік құралының техникалық байқаудан өтуі кезінде баллонды мерзімді тексерудің қолданылу мерзімін тексеру;
- көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат нысанында ұсыну мүмкіндігі және т.б.
Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2021 жылғы «23» қарашада орналастырылған (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025219).
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.