Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында «Көлік және логистика нарығы» атты III-Халықаралық конференциясы өтті

2021 жылғы 13-14 қазанда Алматы қаласында «Көлік және логистика нарығы» атты III-Халықаралық конференциясы өтті. Бұл іс-шара Орталық Азиядағы ең ірі көлік-логистикалық оқиға болып табылатын «Trans Logistica Kazakhstan» 24-қазақстандық халықаралық көрме шеңберінде ұйымдастырылды.

Көрмеге шетелдік көлік ведомстволары мен қауымдастықтарының өкілдері, отандық және шетелдік логистикалық компаниялар мен жүк иеленуші компаниялардың басшылығы, қазақстандық және халықаралық сарапшылар мен көлік-коммуникация кешенінің басқа да қатысушылары қатысты.

«Теңіз тасымалы. Инфрақұрылым» сессиясында ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Қамашұлы Нұркенов сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында Транскаспий бағдарының тартымдылығын арттыру шеңберінде Қазақстанның теңіз порттары қызметтеріне қызмет көрсету мәселелері, халықаралық теңіз тасымалдары нарығын кеңейту төңірегінде отандық флоттың бәсекеге қабілеттілігі, теңіз тасымалдары саласы үшін сұранысқа ие білікті кадрларды даярлаудың жаһандық трендтері айтылды.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған сессия барысында отандық Ақтау және Құрық теңіз порттарының, «Қазақ теңіз көлік флоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының, Қазақстан теңіз академиясының және басқа да ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.

Дата публикации
14 октября 2021
Дата обновления
14 октября 2021
Тип

Сейчас читают

08 апреля 2026
Налаживание связей с помощью безопасной и устойчивой авиации
21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

ҚР ИИДМ Көлік комитеті
komitettransporta
Комитет транспорта МИИР РК

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы