2021 жылғы 13-14 қазанда Алматы қаласында "Көлік және логистика нарығы" III-Халықаралық конференциясы өтті, оған шетелдік көлік ведомстволары мен қауымдастықтарының өкілдері, отандық және шетелдік логистикалық компаниялар мен жүк иеленуші компаниялардың басшылығы, қазақстандық және халықаралық сарапшылар мен көлік-коммуникация кешенінің басқа да қатысушылары қатысты. Бұл іс-шара Орталық Азиядағы ең ірі көлік – логистикалық оқиға болып табылатын "Trans Logistica Kazakhstan" 24-Қазақстандық халықаралық көрме аясында ұйымдастырылды.
Сессияда «Теміржол тасымалы. Теміржол көлігіндегі транзитті жетілдіру» тақырыбында ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Тайжанов Жәнібек Жұмаұлы сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында халықаралық тасымалдарды контейнерлеу жөніндегі шаралар айтылды. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындар базасында контейнерлердің отандық өндірісін ұйымдастыру және фитингтік платформалар паркін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.