Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды,

 

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды, мекен – жайы: 010000 Астана  қаласы, Жеңіс даңғылы, 29/1-үй;

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК қызметінің мәні: автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық білімі (автомобиль жолдары, көпірлері және тоннельдері саласында). Автомобиль жолдары саласында басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 613 бөлме, тел. 8(7172)75-46-34 тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң он жұмыс күні ішінде, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 704/709 бөлме, әңгімелесуден өтеді.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

08 апреля 2026
Налаживание связей с помощью безопасной и устойчивой авиации
21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

ҚР ИИДМ Көлік комитеті
komitettransporta
Комитет транспорта МИИР РК

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы