«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

 

Конкурс туралы ақпарат

Конкурстың сілтемесі: https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5094147427

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.04.2026 - 16.04.2026

Қабылдау 1 этап: 15.04.2026- 16.04.2026

Қабылдау 2 этап: 17.04.2026

Эссе: 18.04.2026

Сұхбат: 22.04.2026

Анықтама телефоны: (8-7172) 98-33-59

C-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 512004

(Лауазымдық     жалақы    нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті екіжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы, C-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Басқарманың құзыретіне кіретін бағдарламалар, іс-шаралар жоспарлары мен басқа құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады. Шет мемлекеттермен екі жақты және екіжақты сыртқы экономикалық байланыстардың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуді және одан әрі дамыту туралы ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етеді. Министрліктің басшылығының (Министрдің, Аппарат басшысының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін және екіжақты халықаралық іс-шараларға анықтамалық ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Қазақстан тарапының бөлігі бойынша жүргізу Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақытылы дайындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Министрліктің басшылығының (Министрдің, аппарат басшысының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушылық-хаттамалық қамтамасыз ету бойынша шараларды сапалы және уақытылы қабылдайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптарын сақтайды. Жоғары мемлекеттік органдардың барлық ұзақ мерзімді тапсырмалары бойынша жинақтаушы папкасын жүргізу бойынша (барлық жазбаларды қоса алғанда: тапсырмалар, қос орындаушылардың хаттары, жауаптары, слайдтар және т.б. материалдар) институционалдық жадыны сақтау және үздіксіз жұмыс үшін қамтамасыз етеді. Жұмыстан шыққан кезде жинақтаушы папканы алу-беру актісі бойынша келесі алмастырушы қызметкерге   береді.   Министрліктің   халықаралық   ынтымақтастық

департаментіне кездесу өткізілген күннен бастап немесе жұмысқа шығу күнінен екі жұмыс күн ішінде кешіктірілмей халықаралық серіктестіктің қорытындысы бойынша (іссапарлар, кездесулер, жиналыстар, шетелдік серіктестіктермен әңгімелер) Қазақстан Республикасы Көлік Министрінің шешімімен бекітілген өткізілген іс-шаралар бойынша қысқаша есепті құрайтын ақпараттарды ұсыну қажет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №776дсп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың 49-тармағына сәйкес мемлекеттік құпиялармен жұмыстарды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін міндеттерді жүзеге асырады.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, халықаралық құқық, құқықтану, филология, аударма ісі, шығыстану, шетелдік филологиясы, аймақтану, әлемдік экономика, ғарыш техникасы мен технологиялары, шетел тілі: екі шетел тілі, лингвистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, халықаралық қатынастар

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
14 апреля 2026