Субсидияланатын авиамаршрутқа арналған конкурс

Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2026 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршрут бойынша 2025 жылғы 29 желтоқсанда конкурс өткізу туралы жариялайды:

 

Республикалық бюджеттен қаржыландыратын субсидияланатын авиамаршруттар

 

№

Авиамаршруттың атауы

Аптасына жиілік саны

Тариф

(бір бағытта ұшу), теңге

Бөлінген сома, теңге

1.

Петропавловск−

Шымкент− Петропавловск

2 рет

(12 ай)

30 000

315 000 000

2.

Көкшетау − Шымкент − Көкшетау

2 рет

(12 ай)

30 000

300 000 000

3.

Семей – Қарағанды − Семей

2 рет

6 ай

(мамыр-қазан)

15 000

115 000 000

4.

Алматы − Балқаш − Алматы

7 рет

3 ай

(маусым-тамыз)

16 000

180 895 885

5.

Астана – Үржар – Астана

7 рет

3 ай

(маусым-тамыз)

18 000

167 337 450

6.

Астана−Үшарал− Астана

7 рет

3 ай

(маусым-тамыз)

20 000

165 000 000

7.

Көкшетау – Ақтау − Көкшетау

2 рет

(12 ай)

30 000

473 000 000

8.

Алматы – Көкшетау – Алматы

2 рет

(12 ай)

35 000

340 000 000

9.

Астана – Петропавловск – Астана

7 рет

(12 ай)

20 000

400 000 000

10.

Орал – Қарағанды − Орал

2 рет

6 ай

(мамыр-қазан)

25 000

210 000 000

11.

Алматы – Үржар − Алматы

7 рет

3 ай

(маусым-тамыз)

16 000

128 529 041

12.

Алматы – Үшарал − Алматы

7 рет

3 ай

(маусым-тамыз)

20 000

123 883 389

13.

Астана – Балқаш − Астана

7 рет

3 ай

(маусым-тамыз)

16 000

115 959 953

14.

Түркістан – Ақтау − Түркістан

2 рет

(12 ай)

28 000

300 000 000

15.

Түркістан – Ақтөбе − Түркістан

2 рет

(12 ай)

33 000

365 000 000

16.

Түркістан – Орал − Түркістан

2 рет

(12 ай)

33 000

295 000 000

17.

Түркістан – Қостанай − Түркістан

2 рет

(12 ай)

33 000

285 000 000

18.

Түркістан – Қарағанды − Түркістан

2 рет

(12 ай)

20 000

326 000 000

19.

Тараз – Алматы – Тараз

7 рет

(12 ай)

20 000

585 000 000

20.

Тараз – Атырау – Тараз

2 рет

(12 ай)

30 000

400 000 000

21.

Жезқазған – Қарағанды − Жезқазған

4 рет

(12 ай)

13 000

324 905 987

22.

Астана – Павлодар − Астана

4 рет

4 ай

(қыркүйек-желтоқсан)

15 000

96 499 690

23.

Жезқазған – Шымкент− Жезқазған

2 рет

(12 ай)

20 000

255 000 000

24.

Ақтау – Қарағанды − Ақтау

2 рет

6 ай

(мамыр-қазан)

25 000

151 427 605

Барлығы:

 

 

6 418 439 000

 

Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын субсидияланатын

авиамаршруттар

 

№

Авиамаршруттың атауы

Аптасына жиілік саны

Тариф

(бір бағытта ұшу), теңге

Бөлінген сома, теңге

1.

Өскемен – Зайсан –

Өскемен

4 рет(қантар-мамыр)

5 рет (маусым-тамыз)

4 рет (қыркүйек-желтоқсан)

17 000

222 100 000

2.

Семей – Үржар – Семей

3 рет (12 ай)

17 000

291 902 000

Барлығы:

 

 

514 002 000

 

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген  Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына сәйкес Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;

2) «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы             27 наурыздағы № 352 бұйрығымен бекітілген авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салықтар, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;

4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар;

5) тасымалдау сыйымдылығы кемінде 50 (елу) креслоны (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) құрайтын әуе кемелері бар.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі.

Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;

5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғарғы сыйымдылығы);

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;

7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;

8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);

9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;

10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсынымдар.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бір данада ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістірмелерсіз ресімделеді.

Осы Қағидалардың құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.

Конверттер конкурсты ұйымдастырушыға (комиссияға) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылатын мынадай белгілермен жіберіледі: «Конкурста ғана ашылсын» және «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беруге конкурстық өтінім».

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 17:30 келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 (алдынала бір сағат бұрын +7 7172 572 308 телефонына хабарласу қажет).

Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар берілген топтамасын ашу 2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат    10:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 14 қабатта конференц-залында өтеді.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы +7 7172 572 308 номері арқылы алуға болады.

Дата публикации
18 декабря 2025