Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2025 жылғы шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынас бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде
2025 жылғы 4 қарашада конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығымен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылары тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)
21-тармағында айқындалған біліктілік талаптарына сай келетін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар конкурстық комиссияның атына Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.
Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға конверттерге желімделген тендерлік өтінімдерді 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Transport Tower» әкімшілік ғимараты мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне жібереді (жеткізеді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2025 жылғы 3 қараша сағат 17.30-ға дейін.
Тендерлік ұсыныстар салынған пакеттерді ашу 2025 жылғы 4 қарашада сағат 11.00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Transport Tower» әкімшілік ғимараты, 7-қабат, конференция залында (каб.704) өткізілетін болады.
Тендерлік құжаттама топтамасы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің сайтында мына www.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 64-70-31
Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін ҚР Көлік министрлігінің деректемелері
«Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі» ММ
БСН 231040007908
БСК KKMFKZ2A
ЖСК KZ670705012280001001
«ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» РММ