Субсидияланатын авиамаршрутқа арналған конкурс

Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2025 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршрут бойынша 2025 жылғы 31 шілдеде конкурс өткізу туралы жариялайды:

 

№

Авиамаршруттың атауы

Аптасына жиілік саны

Тариф

(бір бағытта ұшу), теңге

Бөлінген сома, теңге

1.      

Семей – Карағанды – Семей

2 (6 ай)

15 000

157 106 711

2.      

Орал – Карағанды – Орал

2 (3 ай)

25 000

133 000 000

3.      

Ақтау – Карағанды – Ақтау

2 (3 ай)

25 000

125 000 000

 

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 24 қарашадағы № 95 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу бойынша қағидасына сәйкес Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;

2) «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11460 болып тіркелген) Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар, субсидиялауға жататын, басым халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурсқа қатысу кезінде халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлігі бар;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салықтар, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;

4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар;

5) тасымалдау сыйымдылығы кемінде 50 (елу) креслоны (облысішілік авиамаршруттарды қоспағанда) құрайтын әуе кемелері бар.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.

3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;

4) міндетті сақтандыру түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;

5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (типтері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғары сыйымдылығы);

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;

7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;

8) қатаң есептілік бланкілерінің үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);

9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесі;

10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға қойылатын негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар;

11) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік (субсидияланатын халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурсқа қатысқан кезде) беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар бір данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістірмелер болмауы тиіс.

Осы Қағидалардың құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 30 шілдеде сағат 18:30 келесі мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 (алдын ала бір сағат бұрын +7 7172 572 149 телефонына хабарласу қажет).

Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар берілген топтамасын ашу 2025 жылғы 31 шілдесінде сағат 15:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 14 қабатта конференц-залында өтеді.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы +7 7172 572 149 номері арқылы алуға болады.

Дата публикации
28 июля 2025