Теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялау рәсімін автоматтандыру жобасын қоғамдық талқылауға шығару туралы хабарлама

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, мемлекеттік орган теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қызметті автоматтандыру жобасын қоғамдық талқылауға ұсынады.

📌 Жоба мақсаты:

Ақпараттық жүйені немесе модульді қамтитын цифрлық шешім құру, келесідей функцияларды қамтамасыз етеді:

  • жолаушылар тасымалына арналған субсидия мөлшерін автоматты есептеу;
  • (субсидиялау ережелерінің 1-5 қосымшаларына сәйкес) реестрлерді қалыптастыру;
  • көлік операторларының автоматтандырылған басқару жүйесімен және бюджеттік жоспарлау жүйесімен интеграциялау.

🗓 Қоғамдық талқылау мерзімі:

Осы хабарландыру жарияланған күннен бастан 10 (он) күнтізбелік күн ішінде.

📨 Ұсыныстарды жолдау мекенжайы:

Қатысты мүдделі тараптардың, оның ішінде ықтимал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметтерін жеткізушілердің жазбаша ұсыныстары мен ескертпелерін мөмендегі электроннық пошта мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз:
📧 b.turganbekova@transport.gov.kz  (тел.: 647045, +7 7056585871)

Ұсыныс формасы келесідей ақпаратты қамтуы мүмкін:

  • IT-шешімнің немесе автоматтандыру тәжірибесінің қысқаша сипаттамасы;
  • Архитектураға, API және интеграцияға қатысты ұсыныстар;
  • Жобаны жүзеге асырудың болжамды мерзімі мен құны.

📎 Қосымша материалдар:

  • Қосымша хат.
Дата публикации
14 июля 2025