Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі Көлік комитеті қазіргі уақытта «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша Салалық біліктілік шеңберін өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізуде.
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша Салалық біліктілік шеңберінің өзектендірілген жобасы қоса беріледі. Аталған жоба бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда, оларды 2022 жылғы 26 тамызға дейін zh.tilegen@miid.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Ақпарат алу үшін телефон номері: 98-35-46
_____________________________