Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін өлшеу және халықаралық өлшеу сертификаттарын беру жөніндегі мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығымен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесін басшылыққа ала отырып, «Zoom» бейнеконференция платформасы арқылы 2022 жылғы 28 сәуірде сағат 15.00-де автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін өлшеу және халықаралық өлшеу сертификаттарын беру жөніндегі мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, сізден жоғарыда аталған мәселені талқылауға қатысу үшін кандидатураларды (Т.А.Ә., лауазымы, «Zoom» сілтемесін жіберу үшін мобильді байланыс деректер) 2022 жылғы 27 сәуірге дейінгі мерзімде i.tolybaev@miid.gov.kz электрондық мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 7172 98-35-35, 98-35-33 нөмірлеріне хабарласуға болады.

 

 

Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін өлшеу және халықаралық өлшеу сертификаттарын беру жөніндегі мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы
Дата публикации
21 апреля 2022