«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«КББ қызметкерлері автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың нөмірлі омырау белгілері және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы тиіс.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көлік құралына кідірмей жақын келеді, өзін таныстырады, көлік құралын тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын жүргізушіге берместен, оны көрсетеді;».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
|
К. Ускенбаев |