КӨЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ БОЙЫНША КОНКРУС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Көлік мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы №35869 Үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2026 жылдың 1 – 14 қазан аралығында қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, оның ішінде 3 – мемлекеттік органның өкілдері, 6 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Үйлестіруші нышаны бойынша азаматтың Жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші (1-қосымша);

2) Кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, автобиографиялық деректерді көрсете отырып (2-қосымша);

3) Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

4) Психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), соның ішінде психоактивті заттарды тұтынумен байланысты бұзылыстардың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

5) Коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура ұсыну туралы жазбаша ұсынысы (бар болған жағдайда) (3-қосымша);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.

Жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген адам, (4-қосымша) бойынша өтініш бере алады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттар a.rakhmetov@transport.gov.kz электрондық поштасына жіберіледі. 

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт тауэр» ғимараты.

Анықтама телефоны: 8 7172 98 32 31

 

Дата публикации
05 октября 2026