ПРЕСС-АНОНС Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Республикасының Көлік министрінің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын хабарлайды.
Жоба жолаушыларды тасымалдау саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру және өзектендіру, жекелеген ережелерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, сондай-ақ жолаушылар тасымалының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді.
Сіздерді аталған жобаны қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.