Осакаров ауданын абаттандыру бойынша ақпараты
Қарағанды облысы елді мекендерінің бейнесін жақсарту үшін ағымдағы жылдың 17 сәуірінен 12 маусымына дейін елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық жарияланды. Көктемгі екі айлық аясында ағымдағы жылдың 24 сәуірі мен 22 мамырында жалпы облыстық сенбіліктер өткізілді.
Көктемгі екі айлық қорытындысы бойынша 120-дан астам ұжым, 2000-нан астам адам қатысты, 70-тен астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды, 3330 бірлік жасыл көшеттер отырғызылды, 120 дана ұйғарымдар мен ескертулер ресімделді.
2021 жылдың 24 сәуірінде "Таза табиғат" ұлттық жобасы аясында "Мекенім – жасыл орманым", "Бірге таза Қазақстан"атты ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Осы акцияларға 120-дан астам ұжым, 2000-нан астам адам қатысты, 20-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды, 1000 бірлік жасыл көшеттер отырғызылды, саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, су қоймалары тазартылды-40 бірлік..
2021 жылғы 5 маусымда "Бірге таза Қазақстан" акциясы өткізілді, 120-дан астам ұжым қатысты, 2800-ден астам адам, 400 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 2021 жылы Осакаров ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму тарифтерін есептеу үшін 2800,0 теңге мөлшерінде ақша қаражаты бөлінді. "Қалдықтарды нормалаудың қазақстандық орталығы" ЖШС-мен шарт жасалды, жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ 2021 жылы аудан бюджетінен санитарияны қамтамасыз етуге 2,2 млн.теңге, ҚБШ-дан 1 млн. теңге бөлінді.