Осакаров ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы-1437 км.
Автожолдарды жөндеу Біздің тұрғындарды, əсіресе автокөлік иелерін қызықтыратын өзекті мəселе-көлік инфрақұрылымын дамыту. Бүгінгі күні негізгі міндеттердің бірі ауданның автомобиль жолдарының техникалық жай-күйі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты жолаушылар тасымалымен, автокөліктің үздіксіз жəне қауіпсіз қозғалысымен қамтамасыз ету болып табылады. Өңірлік жəне аудандық инфрақұрылымды, оның ішінде көлік инфрақұрылымын жүйелі дамыту тағы бір маңызды мəселе болып отыр. Есепті кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі автомобиль жолдарын қайта құру жəне жөндеу болды «Ауыл - Ел-бесігі» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы екі жоба іске асырылуда, бұл Молодежный кентіндегі 18 көшенің кентішілік жолдарын орташа жөндеу 295,6 млн. теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен қоса қаржыландыру 29,6 млн. теңге. Мердігер «Лидер Строй Груп» ЖШС. Жобаны ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жəне Ақбұлақ ауылындағы 13 көшенің кентішілік жолдарын орташа жөндеу бойынша 180 млн. теңге сомасына жоба, оның ішінде аудандық бюджеттен 18 млн.теңге қоса қаржыландыру жоспарлануда. Мердігер «АвтоДорСервис-НС» ЖШС-гі. Жобаны ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық жұмыстар сапалы жəне кестеге сəйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердегі кірме жолдарды ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 12 млн.теңге бөлінді. Бұл Комсомольское ауылынан 6 млн. теңге сомасына 17 км кіреберіс; Звездное ауылынан 4,7 млн. теңге сомасына 6 км жəне Сарыопан ауылынан 1,5 млн. теңге сомасына 3,8 км кіреберіс. Мердігер «Акунк» ЖШС-гі. Жұмыстарды ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқтау жоспарланып отыр. ТКШ арқылы трансферттермен Осакаровка кентінде жол белгісіне 13,4 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Жобаны аяқтау 2021 жылдың қыркүйек айының соңына жоспарланып отыр