Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың" Осакаровка-Молодежное " № 207 әлеуметтік маршрутына қызмет көрсету құқығына хабарландыру
- «Осакаров ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» 2023 жылдың «28» ақпанда сағат 15.00-де Шетке бұлак көшесі, 1, 7 кабинет, тұрақты автомобиль тасымалдарының №207 «Осакаровка- Молодежное» қоғамдық маршруты қызмет көрсету құқығына ие болу конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
- Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 130 тармағына сәйкес, конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығымен немесе басқа да заңды негіздермен иеленген автокөлік құралдары бар кез-келген жеке және заңды тұлға қатысуға құқылы.
- Ереженің 150 тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Шетке бұлак көшесі, 1, 7 кабинет «Осакаров ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ конкурстық құжаттар комплектісін алу үшін жазбаша тапсырыс беруі қажет.
- Конкурстық құжаттар комплектісі тегін беріледі.
- Конкурстық құжаттарды алу мен конкурсқа қатысу тапсырысын қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың «16» қантарда, сағат. 9.00 –ден бастап 18.00-ге дейін.
- Анықтама телефоны: 87770517526, 87009882651, 24007.
Дата публикации
12 января 2023