Жылыту маусымын бастау

2022-2023  жылдарға

жылыту маусымының

басталуы туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурызындағы ХII сессиясының № 129 шешімімен бекітілген Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1 қосымшаcына сәйкес, 2022 жылдың 28 қыркүйек айынан бастап аудан аумағында орналасқан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарында кезеңдік жағулар жариялансын.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2022 жылдың 30 қыркүйек айынан бастап аудан аумағында орналасқан меншік нысанына және ведомствалық қажеттіліктерге тәуелді емес қызметтік ұйымдар және кәсіпорындар үшін жылу маусымы жариялансын.
  3. Жылыту маусымының апатсыз өтуін бақылау және жеке жауапкершілік, тиісті қызметтік ұйымдар мен кәсіпорындарының басшыларына жүктелсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Р. Ламбековке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                  Р. Нурмуханбетов

 

 

 

 

 

Орынд.: С. Бекенбаев

 тел: 24007

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 сентября 2022