
Жылыту маусымына дайындық барысы туралы
Ауданда алдағы жылыту маусымына 4 қазандық жəне 83 ЖҚ дайындалуда. Молодежный кентінде №7 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, мердігер «Гарант строй Астана» ЖШС қыркүйек айының соңына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Мердігермен келісім шарт сомасы 33,6 млн. теңгені құрайды. «Сарыарқа – 2017» ЖШС сумен жабдықтау жəне су бұру желілерін, сондай-ақ Молодежный кентінің жылу желілерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аяқтау 2021 жылдың тамыз айына 14,5 млн. теңге сомасына жоспарланып отыр. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық штаттық режимде өтуде.