
Kazakh Tourism еліміздің ішкі туризмін шетелде ілгерілету үшін беделді халықаралық салалық басылымдармен ынтымақтастықты кеңейтуде.
Өткен жылдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде Conde Nast Traveler және Wanderlust Қазақстанды 2024 жылы саяхаттауға арналған әлемдік дестинациялардың қатарына қосты.
Әлемнің жетекші тревел-журналдары мен нұсқаулықтардың Қазақстанның бай мәдениеті мен ғажайып табиғатына қызығушылығы артып келеді. Жақын арада беделді әлемдік басылымның жаңа нұсқаулығы жарық көреді, онда саяхаттауға арналған ең тартымды елдер анықталады.
Келесі жылы Kazakh Tourism National Geographic халықаралық журналымен белсенді жұмыс істеуге баса назар аударуды жоспарлап отыр.