Шетелдік аңшылардың аңшылық қаруын Қазақстан Республикасына әкелу тәртібі.
Қазақстан Республикасы аңшылық мақсатында елге келетін шетелдік азаматтар үшін құжаттарды ресімдеудің ашық әрі қолайлы тетігін қалыптастырды.
Барлық рұқсат беру рәсімдері электрондық форматта жүзеге асырылады, бұл қажетті құжаттарды алдын ала ресімдеуге және мемлекеттік рәсімдерден қолайлы өтуге мүмкіндік береді.
Рәсімдеу қалай жүзеге асырылады.
Азаматтық қаруды және оның патрондарды әкелуге және әкетуге қорытынды алу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады (ҚР Ішкі істер министірінің 27.03.2026 ж., № 254 бұйрығы).
Өтініш беруші ретінде қажетті құжаттарды «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы дербес ресімдейтін қабылдаушы ұйым (аңшылық шаруашылығы) болады.
Шетелдік аңшыға аталған қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жеке өзі жүгінудің қажеті жоқ.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қабылдаушы ұйым «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы аумақтық полиция департаментіне қажетті құжаттарды ұсына отырып жүгінеді.
Бұл ретте шетелдік аңшыдан тек:
- қабылдаушы ұйыммен аңшылық жүргізуге жасалған шарт;
- жеке басын куәландыратын құжат (паспорт) талап етіледі.
Қалған құжаттарды қабылдаушы тарап қалыптастырады және ұсынады, (аңшылық алқаптарын бекіту туралы жергілікті атқарушы органның шешімі; әкелінетін қаруды аңшылық шаруашылығында немесе қаруды орталықтандырылған сақтау пунктінде сақтау туралы шарт; Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген қорытынды жобасының электрондық көшірмесі).
Осылайша, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ресімдеуді қабылдаушы ұйым жүзеге асырады, бұл шетелдік аңшы үшін рәсімді едәуір жеңілдетуге және оған құжаттардың ең аз топтамасын ғана алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.
Мерзімдері мен құны
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар қаралғаннан кейін қабылдаушы ұйым аңшылық қаруын заңды түрде әкелу және кейіннен әкету үшін қажетті қорытындыны алады.
Қазақстан Республикасына келу
Шетелдік аңшы келген кезде қабылдаушы ұйымның өкілдері қорытындыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінде ұсынады.
Кедендік бақылаудан өткеннен кейін қару заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді және аңшылық басталғанға дейін қабылдаушы ұйымға жауапты сақтауға беріледі.
Шетелдік аңшының Қазақстан Республикасының аумағында болған бүкіл кезеңінде ұйым оның сүйемелденуін, қарудың сақталуын және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қауіпсіз, қолайлы және заңнамаға сәйкес
Қолданыстағы тәртіп аңшылық туризмді дамыту мен ұлттық заңнама талаптарын сақтау арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз етеді.
Барлық рәсімдерді қабылдаушы тарап алдын ала ұйымдастырады, бұл шетелдік аңшыларға саяхат пен аңшылыққа көңіл бөлуге, ал қажетті құжаттарды электрондық форматта алдын ала ресімдеуге мүмкіндік береді.