Меню

Страницы

Статья

Жобалық басқару: Туризм саласындағы мониторингтің жаңа деңгейі

Туризм және спорт министрлігі туризм саласындағы жобалардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Битрикс» жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін негізгі мониторинг құралы ретінде қолдануда.

Аталған жүйе әрбір жобаның «өмірлік циклін» — жоспарлау кезеңінен бастап толық аяқталғанға дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Министрлік 4 негізгі жол картасы аясындағы жұмыстарды қадағалап отыр. Жалпы, жүйеге туризм саласына қатысты 80-нен астам жоба енгізілген, оның ішінде 32 жоба толық аяқталған.

Жобалар мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

Туризм инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жүйеге 42 жоба енгізілді. Оның ішінде 14 жоба сәтті аяқталып, пайдалануға берілді.

Щучье-Бурабай курортты өңірін дамыту жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында 29 жоба бақылауға алынған. Қазіргі уақытта оның 14-і толық іске асырылды.

Маңғыстау туристік өңірін дамыту жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру бойынша 6 жоба енгізіліп, бүгінде 4 жоба толық орындалды.

Алматы тау кластері туризмін дамыту жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде 12 жоба жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жобалардың орындалу барысы Министрліктің тұрақты бақылауында.

Сонымен қатар алдағы уақытта туризм саласындағы барлық жобаны «Битрикс» ақпараттық жүйесіне толықтай енгізу жоспарланып отыр.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 августа 2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы туризмі саласындағы құқықтарын кепілдік беру жүйесі
Ақпарат
17 августа 2026
Аң аулауды жүргізу тәртібі және аңшылық объектілері саналатын жануарлар түрлерінің тізбесі
Ақпарат
17 августа 2026
Аңшылық географиясы және аңшылық шаруашылық субъектілері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы