Меню

Страницы

Статья

Kids Go Free – Қазақстандағы отбасылық туризмге арналған бағдарлама

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда турпакет шеңберінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған жолаушылардың (2 жастан 17 жас аралығы) билет құнын субсидиялау бағдарламасы күшіне енді.

Аталған жоба  ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді.

Бағдарлама қалай жұмыс істейді?

1) бұл мүмкіндікті тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана пайдалана алады;

2) кәмелетке толмаған балалар әуе рейсіне кәмелетке толған азаматтармен (ата-анасы, әжесі және өзге де ересек жақын туыстарымен) отырғызылады;

3) іс-шара турпакет шеңберіндегі сапарларға ғана қолданылады;

4) турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс;

5) турпакет сатып алу барысында балалардың әуе билет құны алынып тасталады.

МАҢЫЗДЫ: бағдарлама туроператорлардың алдымен әуе билеттерін өз қаражаты есебінен сатып алуын, ал кейіннен бұл шығындарды Ережеге сәйкес мемлекет өтеуін көздейді. Ал, туроператорлардың бағдарламаға қатысуы ерікті.

Дата публикации
14 ноября 2022
Дата обновления
14 ноября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 августа 2026
Қазақстан Республикасы азаматтарының сыртқы туризмі саласындағы құқықтарын кепілдік беру жүйесі
Ақпарат
17 августа 2026
Аң аулауды жүргізу тәртібі және аңшылық объектілері саналатын жануарлар түрлерінің тізбесі
Ақпарат
17 августа 2026
Аңшылық географиясы және аңшылық шаруашылық субъектілері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы