Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі реттегіш құралдардың Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес 2023 жылғы 9 тамызда сағат 10:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында лотерея операторының лотерея өткізу шарттарын келісу міндетін заңнамалық белгілеу бойынша, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды.
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 9-14 тамыз аралығында «on-line» режимінде өтеді.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 8 тамызда сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.