Мысырға туристік сапарларды жоспарлаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпараттық анықтама

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті азаматтардың назарына келесі ақпаратты жеткізеді.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Мысырдың Кена провинциясындағы Әл-Кус ауылында белгісіз вирус жұқтырған жағдайлар тіркелген.

Бұл ретте, қазақстандық туристер Кена провинциясы арқылы ежелгі Мысырдың танымал көрікті жерлеріне баратын жолдың өтуі салдарынан жұқтыру қаупі бар.

Вирустың тасымалдаушылары тропикалық елдерде жиі кездесетін масалар. Жалпы белгілер: жоғары температура, бас ауруы, жүрек айну және құсу, бұлшықет ауруы болуы мүмкін. Симптомдар инфекциядан кейін 4-10 күннен кейін пайда бола бастайды және 2-ден 7 күнге дейін созылады. Бұл белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуді сұраймыз.

Аурудың белгілері Денге безгегіне ұқсас. ДДСҰ мәліметтері бойынша, Денге - денге вирусы тудыратын және адамға жұқтырған масалар шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция.  Денге бүкіл әлем бойынша тропикалық және субтропикалық климаты бар аймақтарда, негізінен қалалық және қала маңындағы аудандарда таралған.

Денге инфекциясының көптеген жағдайлары симптомсыз немесе жеңіл симптомдармен өтеді, бірақ кейбір жағдайларда Денге аурудың ауыр ағымын тудыруы және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, демалыста сақтық шараларын сақтауды және жәндіктермен байланыста болмауды, шығу тегі белгісіз су көздерінен су ішпеуді, теріні және жараларды жабатын киім киюді, жәндіктерден арнайы қорғаныс құралдарын қолдануды ұсынамыз.

Мысырға баратын Қазақстан Республикасының азаматтарынан осы вирусты жұқтыру фактілері тіркелген және таралған жерлерге барудан бас тартуды сұраймыз.

Египетке туристік сапарларды жоспарлаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпараттық анықтама
Дата публикации
21 июля 2023