Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «таза парақтан» реттеу шеңберінде талаптар мен реттеуші құралдарға жүргізілген талдау қорытындысы бойынша туристік қызмет және ойын бизнесі салаларындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Комитет) «таза парақтан» кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдерін енгізу шеңберінде туристік қызмет пен ойын бизнесінің жетекшілік ететін салаларында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты аяқтады.

Осылайша, бекітілген жоспар-кестеге сәйкес туристік қызмет және ойын бизнесі салаларындағы салалық жұмыс топтары айқындалды, олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтар мен бизнестің өкілдері енгізілді.

Жұмыс топтарының мүшелері туристік қызмет және ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін реттеуші құралдар мен талаптарды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелерін талқылау бойынша отырыстар өткізді, олардың қорытындысы бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Жұмыс топтарының көрсетілген ұсынымдарын орындау үшін Комитет заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

- «Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 79 бұйрығында біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы меліметтер нысанына жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге үшінші тұлғалармен бір және одан да көп шарттардың болуы бөлігінде (бұдан бұрын үшінші тұлғалармен бір ғана шартты көрсетуге жол берілген), лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары және (немесе) орта кәсіптік білім туралы дипломның болуы (бұрын формада тек жоғары білім және тиісті диплом қарастырылған) бөлігінде өзгерістер енгізілді;

- «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы
29 мамырдағы № 156 бұйрығында біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы меліметтер нысанына лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары және (немесе) орта кәсіптік білім туралы дипломның болуы (бұрын формада тек жоғары білім және тиісті диплом қарастырылған) бөлігінде өзгерістір енгізілді;

- «Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығында турагент мәліметтерінің нысандарына өзгерістер енгізілді, кеңсенің орналасқан жері, туризм нұсқаушылары қызмет көрсету аймағы қосылды;

- «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын металл есік, брондалған әйнек және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органының кезекші бөлігінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабылмен жарақтандыру жөніндегі мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды алып тастау бөлігінде, сондай-ақ міндетті резервтердің сомалары, лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлемдер, құрылтайшылар, ойын бизнесін ұйымдастырушының басшылары құрамындағы бенефициарлық меншік иелері және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер беру бөлігінде толықтырулар енгізіледі.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістермен және жаңа редакциядағы бұйрықтардың толық мәтінімен келесі сілтемелер бойынша: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010484, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020783, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011209, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011948; немесе Комитеттің ресми интернет-ресурсында келесі мекенжайы бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism?lang=kk танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «таза парақтан» реттеу шеңберінде талаптар мен реттеуші құралдарға жүргізілген талдау қорытындысы бойынша туристік қызмет және ойын бизнесі салаларындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді
Дата публикации
16 мая 2023