«Туристік Қамқор» корпоративтік қор қызметінің негізгі мақсаты

Қордың басты мақсаты-туроператордың, туроператор-жалдаушының міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған кезде туристер ретінде танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын елден Қазақстан Республикасының аумағына жедел қайтаруды қамтамасыз ету.

Жүйеге кіру үшін компания қормен шарт жасасуға және банк кепілдігін беруге тиіс, банк кепілдігінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 607 қаулысымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасы азаматының шығу туризмі саласындағы құқықтары бұзылған жағдайда, оның жазбаша немесе ауызша өтініші болғанда;

2) Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы туристiк қызмет туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініші болғанда;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша туристер бірлестігінің (бірлестіктерінің) жазбаша өтініші болғанда;

4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өтініші болғанда;

 5) шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және денсаулығына зиян келтіру қаупі туындаған өзге де жағдайларда қабылдайды.

Жоғарыда аталған жағдайлар туындаған кезде әкімші бапта көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыру туралы дереу шешім қабылдайды және осы шешімді туризм саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылдары мыналарды қамтиды:

1) турист ретінде танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын елдегі (жердегі) аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына авиакөлігі, теміржол көлігі, автокөлік немесе су көлігі арқылы қайтару;

2) турист ретінде танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағына қайтаруға дейінгі уақытта, оларды қонақ үй немесе басқа да орналастыру орындарына орналастыруды (уақытша тұру) қамтамасыз ету (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі күндізгі уақытта 8 сағаттан көп, ал түнгі уақытта 6 сағаттан көп болса);

3) турист ретінде танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болған мемлекеттегі болған орынынан Қазақстан Республикасының аумағына қайтару жүзеге асырылатын орынға дейін жеткізу;

4) турист ретінде танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының тамақтандыруларын ұйымдастыру (егер қайтаруды еріксіз күту мерзімі 4 сағаттан көп болса).

Основная цель деятельности Корпоративного фонда «Туристік Қамқор»
Дата публикации
10 февраля 2023