Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті азаматтардың назарына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Конго Демократиялық Республикасында және Угандада Эбола безгегінің өршуіне байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы ақпаратын жеткізеді.
Эбола вирусының әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында:
Конго Демократиялық Республикасына және Угандаға шығуды шектеу ұсынылады(қызметтік іссапарлар, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін туристік сапарлар).
Эндемиялық елдерге баруды тоқтату мүмкін болмаған жағдайда, жеке профилактика шараларын қатаң сақтау қажет:
Дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы, құсу, іш өту, бөртпе, бас ауруы, жөтел, қатты әлсіздік және басқа да ауру белгілері пайда болған жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге барған ел туралы ақпарат беру қажет.
Туризм индустриясы комитеті азаматтарға сапарларды жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескеруді және белгіленген санитариялық-профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады.