Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аң аулауды жүргізу тәртібі және аңшылық объектілері саналатын жануарлар түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
15 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидаларымен (бұдан әрі – Аң аулау қағидалары) регламенттелген.

Аң аулау қағидаларының 4-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың аң аулауды жүзеге асыруға құқығы мынадай шарттар сақталған кезде туындайды:

  1. Атыс қаруын қолдана отырып аң аулаған кезде – 21 жасқа толуы;

  2. Соғып алу қаруының, аңшылық иттердің және аулаушы жыртқыш құстардың өзге де рұқсат етілген түрлерін қолдана отырып аң аулаған кезде – 14 жасқа толуы;

  3. Аңшы куәлігінің болуы;

  4. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың же аңшылық шаруашылығы субъектісі жолдамасының болуы.

Шетелдіктер үшін аң аулау құқығы мыналардың негізінде туындайды:

- аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасалған аң аулауды ұйымдастыруға арналған шарт;

- жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;

- аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы;

- ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының аумағына азаматтық аңшылық қару мен оның патрондарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге берген қорытындысы (рұқсаты).

Аң аулау қағидаларының 8-тармағына сәйкес әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

  1. Аңшы куәлігі;

  2. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;

  3. Аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы;

  4. Азаматтық қаруды мен оның патрондарын сақтау және алып жүруге рұқсат (атыс қаруымен аң аулаған кезде);

  5. Аулаушы жыртқыш құстың паспорты (аулаушы құстармен аң аулаған кезде).

Тұяқты жануарлар мен аюға ұжымдық (топтық) әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізу кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты пайдалануға жауапты тұлғаның деректері рұқсаттың беткі жағына енгізіледі, ал аң аулаудың қалған қатысушыларының деректері (олардың аңшы куәліктерінің нөмірлері көрсетіле отырып) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасында көрсетіледі.

Аң аулауды жүргізуге қойылатын шектеулер мен тыйымдар Аң аулау қағидаларының тиісті бөлімдерімен белгіленген. Жануарлар түрлері бойынша аң аулауды жүргізу мерзімдері Аң аулау қағидаларына
12-қосымшада айқындалған.

Аңшылық объектілері саналатын жануарлар түрлерінің тізбесі ҚР АШМ 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығымен бекітілген.

Документы
Новости
Полезные материалы
Аң аулауды жүргізу тәртібі және аңшылық объектілері саналатын жануарлар түрлерінің тізбесі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы