
Венера Әлиқызы Прназарова 1984 жылғы 19 қазанда Қызылорда облысы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығында бастаған. Кейін Қызылорда облысының мұрағаттар ісі, кәсіпкерлік және туризм салаларындағы мемлекеттік мекемелерде еңбек етіп, бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер лауазымдарын атқарды.
2014–2024 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм саласындағы мемлекеттік органдарында қызмет атқарды.
2024 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің Ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы мониторинг және құқық қолдану практикасы басқармасында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер басқармасында бас сарапшы қызметін атқарды.
2024 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.
2025 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарады.