Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың өтініштері бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

  1. Туризм

№

Жиі қойылатын сұрақ

Толық жауап

Негізгі сөздер және хештегтер

1

Туризм саласында қандай мемлекеттік қолдау шаралары бар?

Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қолдау түрлері мыналарды қамтиды:

1. Санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) ұстауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау.

   Мемлекет туристерге қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерін ұстайтын кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтейді.

2. Туристік нысандарды салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.

   Бұл қолдау түрі туристік инфрақұрылымды (қонақүйлер, кемпингтер, этноаулдар, демалыс базалары және т.б.) дамытуға инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталған.

3. Жол бойындағы сервис нысандарын салу кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.

   Бұл қолдау түрі «А» және «В» санатындағы нысандарды — дәмханалар, мотельдер, техникалық қызмет көрсету станциялары, трасса бойындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қамтиды.

4. Туристік автобустарды сатып алу бойынша шығындарды өтеу.

   Мемлекет сегіз және одан да көп жолаушыға арналған автобустарды (жүргізуші орнын қоспағанда) сатып алу шығындарының бір бөлігін өтейді.

Қолдау алу тәртібі:

Өтінім Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасына қағаз түрінде немесе электронды форматта (пошта арқылы не қолма-қол) беріледі.

Құжаттар топтамасы комиссиямен 10 жұмыс күні ішінде қаралады, шешім хаттама түрінде рәсімделіп, басқарманың интернет-ресурсында жарияланады.

Нәтиже:

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы оң шешім;

 Немесе уәжді бас тарту.

Табысты мысал:

«А» жеке кәсіпкері санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындарын субсидиялау туралы өтінім беріп, фото және бейнематериалдарды ұсынған.

Комиссияның қарауынан және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен келісілгеннен кейін кәсіпкерге ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия жыл соңына дейін тағайындалған.

Туризм

 

Субсидиялау

 

Объектілерді салу

2

Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қалай алуға болады?

Туроператорлық қызметті лицензияны Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасында алуға болады.

Өтінім беру тәртібі:
Өтінім электрондық форматта www.egov.kz немесе www.elicense.kz порталдары арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) пайдалана отырып беріледі.

Қажетті құжаттар:

  1. Белгіленген нысандағы электрондық өтінім;
  2. Лицензиялық алымның төленгенін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;
  3. Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны және оны растайтын құжаттар.

Қызмет көрсету мерзімдері:

  • Лицензия беру – 6 жұмыс күніне дейін;
  • Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күніне дейін (немесе қайта ұйымдастыру жағдайында 6 күн).

Лицензиялық алым мөлшері:

  • Алғаш рет лицензия алған кезде – 10 АЕК;
  • Қайта ресімдеу кезінде – мөлшерлеменің 10%-ы, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
    Төлем екінші деңгейлі банктер немесе «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

Нәтижесі:

  • Туроператорлық қызметке лицензияны және/немесе лицензия қосымшасын беру;
  • Немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап.

Шағымдану тәртібі:
Әрекеттерге (әрекетсіздікке) қатысты шағым жоғары тұрған органға немесе сотқа досудьялық қараудан кейін беріледі. Шағымдар қаралу мерзімі:

  • Қызмет көрсетуші тарапынан – 5 жұмыс күніне дейін;
  • Жоғары тұрған орган тарапынан – 15 жұмыс күніне дейін.

Табысты мысал:
«А» жеке кәсіпкері www.elicense.kz порталы арқылы онлайн өтінім берген. Барлық құжаттар тексеріліп, лицензия 5 жұмыс күні ішінде ешқандай мемлекеттік органға жеке барусыз берілген.

 

Туризм

 

Лицензия

 

Туроператорлық қызмет

 

 

Дата публикации
17 февраля 2026
Дата обновления
17 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 февраля 2026
Азаматтардың өтініштері бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
Мақалалар
17 января 2026
Шығыс Қазақстан облысы – табиғи байлық пен рухани мұраның ордасы
Ақпарат
20 ноября 2025
Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын өткізу кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы