Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне 8 орыннан көп (жүргізуші орнын қоспағанда) автокөлік құралдарын сатып алуға кеткен шығынның бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілді.
Нормативтік құжат:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы (2023 жылғы 29 желтоқсандағы және 2025 жылғы 23 сәуірдегі өзгерістермен) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26380 болып тіркелген.
Кім қатыса алады?
Туристік қызметті жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъектілері – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.
Не өтеледі?
Кәсіпкерлік субъектісі сатып алған автобустың құнының 25%-на дейін өтеу көзделген, егер ол келесі талаптарға сай болса:
Қандай құжаттар қажет?
Кәсіпкерлер жыл сайын 1 маусымға дейін тіркелген орны бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
Өтінім қағаз түрінде немесе электронды форматта – жеке, пошта арқылы немесе электронды сервистер арқылы жіберілуі мүмкін.
Қарау тәртібі қандай?
Егер өтінім мақұлданса, бюджетке қаражат түскеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде өтеу сомасы кәсіпкердің шотына аударылады.
Назар аударыңыз:
Қосымша ақпарат:
Өтінім нысаны мен қажетті құжаттардың нақты тізімін алу үшін өзіңіздің аудан/қала әкімдігі жанындағы туризм бөліміне немесе Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің сайтына жүгінуіңізге болады.
Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан кеңес алуға болады.