Қыс мезгілінде тұрғын үйлердегі өрт қаупі айтарлықтай артады. Қауіпсіздікті сақтау үшін төмендегі негізгі талаптарды орындауды сұраймыз.
Пешпен жылыту
Маусым басталар алдында пештер мен мұржаларды міндетті түрде тазалап, тексеріңіз.
Пешті жандыру үшін бензин және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Пештің қызып кетуіне және есіктерінің ашық күйде жануына жол бермеңіз.
Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз.
Пештің алдына 50×70 см металл табақ қойылуы тиіс.
Газ жабдықтары
Қосылып тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
Газ плиталарын үйді жылыту үшін пайдаланбаңыз.
Үй ішінде бір ғана газ баллонын сақтауға рұқсат етіледі.
Газ баллондарын АГЗС-те толтыруға тыйым салынады.
Газ баллондары пештен кемінде 2 метр қашықтықта орналасуы керек.
Электр қауіпсіздігі
Жарамсыз электр құрылғыларын және ескі сымды пайдаланбаңыз.
Іске қосылған құрылғыларды жанғыш материалдардың қасына қоймаңыз.
Үйден шыққанда барлық электр құрылғыларын өшіріңіз.
Электр сымдарын тек білікті мамандар ғана тексеруі тиіс.