2026 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысына 16 шетелдік компаниялар мен делегациялардың өкілдері келді. Олардың қатарында «Hankitek» ЖШС (Финляндия), «Zhongan International» ЖШС (ҚХР), «Qingdao Tianxiang Foods Group» (ҚХР), «JelSu Energy» (Қазақстан Республикасы), «Eco Meat Vostok» (Қазақстан Республикасы), «OPEN» (Ресей Федерациясы), «Giant Intelligent Elevator Ltd.» (ҚХР), «UNIROC» (ҚХР), Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша «Google for Education» (Ұлыбритания), «Бағалы қағаздар және қор биржасы жөніндегі комиссияның 3-бюросы» халықаралық инвестициялық компаниясы (ҚХР), «Huaxiajianlong Ltd.» (ҚХР), «Xinjiang Jiahefeng Agricultural Supplies Co., Ltd.» (ҚХР), сондай-ақ Австрия, Қырғызстан және Франция мемлекеттерінің Төтенше және Өкілетті Елшілері болды.
Әрбір делегация үшін сапардың мақсатына, қонақтардың тілектері мен делегация ерекшеліктеріне сәйкес алдын ала жеке бағдарлама әзірленіп, жан-жақты пысықталды.
Сапарлар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімімен немесе облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарымен кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, экономика, білім беру, мәдениет, туризм және инвестициялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қонақтарға өңірдің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуеті, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, сондай-ақ облыстың тарихи-мәдени көрікті жерлері таныстырылды.
Өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына (Алтай қаласы, Үрімші қаласы), Ресей Федерациясының Алтай Республикасына (Горно-Алтайск қаласы), Ресей Федерациясының Алтай өлкесіне (Барнаул қаласы), сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасына (Берлин қаласы) іссапарлары ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов бастаған облыс делегациясының Алтай өлкесіне жасаған жұмыс сапары барысында Барнаул қаласындағы өнеркәсіп кәсіпорындары, жылыжай кешені, білім беру ұйымдары және туристік нысандар араланды.
Өңір басшылығымен келіссөздер өткізіліп, олардың барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ түрлі салалардағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесі арасында келісілген уағдаластықтар хаттамасына қол қойылды. Құжат сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, спорт және білім беру салаларындағы әріптестікті дамытуды көздейді.
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы сондай-ақ 2026 жылғы наурыз айының басында өткен әлемдегі ең ірі халықаралық туристік көрме – ITB Berlin 2026 көрмесіне қатысты.
Көрме аясында Германияның туристік операторларымен B2B форматындағы кездесулер өткізілді, өңірдің бірегей табиғи ландшафттары, экологиялық туризм мүмкіндіктері және жергілікті өнімдері таныстырылды.
Келіссөздер барысында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы шетелдік серіктестермен шетелдік туристер ағынын ұлғайту, өңірдің табиғи және мәдени әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі нақты ұсыныстарды талқылады.
2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында облыс әкімінің орынбасары Б.К. Байахметов бастаған Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімші қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Чжу Лифанмен кездесу ұйымдастырылды.
Тараптар трансшекаралық туризмді дамыту мәселелеріне, оның ішінде Үрімші қаласы мен Шығыс Қазақстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге, сондай-ақ сауда-саттықты дамыту және шекаралық өткізу бекеттерінің жұмысын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы өңірдің инвестициялық әлеуетінің таныстырылымын өткізді, ШҰАА-ның туристік компанияларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды, бірқатар B2B кездесулер өткізді, өндірістік алаңдарды аралап, салалық кездесулер ұйымдастырды.
2026 жылғы 2 сәуірде өңірдің туристік әлеуетінің таныстырылымының қорытындысы бойынша Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының туристік индустрия өкілдерімен төмендегі төрт ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды:
Өткізілген кездесулер мен ұйымдастырылған іссапарлар Шығыс Қазақстан облысының халықаралық байланыстарын нығайтуға, сыртқы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.
Аталған іс-шаралар шетелдік әріптестермен өзара сенімді нығайтуға, инвестициялар тартуға, өңірдің туристік және экономикалық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-білім беру және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етті.