2025 жылғы сыртқы байланыстар бөлімінің есебі

2025 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік инвесторлармен және дипломатиялық миссиялардың өкілдерімен 80 кездесу өткізілді, оның ішінде шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерімен 12 кездесу ұйымдастырылды.

2025 жылы Германия, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Швейцария, Беларусь Республикасы, Түркия, Армения, Пәкістан және Иран Ислам Республикасы сияқты мемлекеттерге 23 іссапар жүзеге асырылды.

Іссапарлар мен ресми сапарлардың қорытындысы бойынша барлығы 67 меморандум мен келісімге қол қойылды. Оның ішінде коммерциялық сипаттағы 38 меморандум мен келісімнің жалпы сомасы 739,6 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 28 меморандумға қол қойылды.

Дата публикации
07 июля 2026