Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Внешние связи

Сыртқы байланыстар бөлімі Шығыс Қазақстан облысының халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіру және бақылау жұмыстарын жүзеге асырады. Шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады, шетелдік делегациялардың ресми қабылдауларын, халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге және келіссөздерге қатысуды қамтамасыз етеді. Халықаралық және сыртқы экономикалық іс-шаралардың орындалуын бақылау мен ақпарат дайындау жұмыстарын атқарады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін талдап, ашық деректермен жұмыс жүргізеді және облыс өкілдерінің халықаралық және өңіраралық форумдарға қатысуын үйлестіреді.

2024 жылдың басынан бастап Германия, Қытай Халық Республикасы, Татарстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Моңғолия және Үндістан сияқты елдерге 15 іссапар ұйымдастырылды. Іссапарлардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 12,0 млн АҚШ долларына Өзбекстан компанияларымен тазартылмаған күнбағыс майын жеткізуге арналған 2 келісімшарт және 14,7 млн АҚШ долларына немесе 7,5 млрд теңгеге қытайлық компаниялармен өсімдік майын жеткізуге арналған 4 келісімшартқа қол қойылды.

Анықтама үшін: 2024 жылғы 22 қазанда Самарқанд қаласында өткен IV «Өзбекстан – Қазақстан» өңіраралық форумында мына келісімшарттар жасалды:

«ALTYN SHYGYS» ЖШС және «Pet Agro Oil» бірлескен кәсіпорны (Өзбекстан) арасында 10 млн АҚШ долларына тазартылмаған күнбағыс майын жеткізу жөнінде;

«OskemenAgroProduct» ЖШС және «TEXNO SERVIS SAM» ЖШС (Өзбекстан) арасында 2 млн АҚШ долларына тазартылмаған күнбағыс майын экспорттау жөнінде.

2024 жылғы 26-30 маусымда Қытайдың Үрімші қаласындағы СУАР Халықаралық көрме орталығында өткен Еуразиялық халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында жалпы сомасы 11,7 млн АҚШ долларына немесе 6,0 млрд теңгеге өсімдік майын жеткізуге келісімшарттар жасалды:

«ВостокЭкоЛайн» ЖШС және Yima business limited company of Tacheng city арасында – 1 млн АҚШ долларына;

«ПК «Сей-Нар» ЖШС және Xinjiang Cui Nong Agri-Industries Group Co., Ltd арасында – 9,2 млн АҚШ долларына;

«Янтарь УК» ЖШС және Tacheng Yongli bio oil Food Co., Ltd арасында – 1,5 млн АҚШ долларына.

2024 жылғы 5-10 қараша аралығында Шанхай қаласында өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде (CIIE) өсімдік майын теміржол көлігі арқылы жеткізуге арналған 3 млн АҚШ долларына келісімшартқа қол қойылды. Тараптар: «Востоксельхозпродукт» ЖШС және Қытайдың Xinjiang YouTrading Co. LTD компаниясы.

Сонымен қатар, 1 келісім және 2 меморандумға қол қойылды. Қол қою жоспарлануда.

Анықтама үшін: 2024 жылғы 22 қазанда Самарқанд қаласында өткен IV «Өзбекстан – Қазақстан» өңіраралық форумында Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимияты арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылғы 15 қарашада Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Бак Нинь провинциясының Халық комитеті арасында бауырлас қалалар қатынастарын орнату жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2024 жылғы 31 желтоқсанда Грац қаласында Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Австрия Республикасының Sanlas Holding Gmbh компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2025 жылдың басынан бері Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Иран, Пәкістан және Бразилия сияқты мемлекеттерге 7 сапар ұйымдастырылды.
Сапарлардың нәтижесінде 2 келісім, 1 шарт және 15 меморандумға қол қойылды.

Анықтама үшін: 2025 жылғы 18–21 мамыр аралығында Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында өткен «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» атты субөңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция аясында келесі 13 меморандумға қол қойылды:

  • ШҚО Риддер қаласының әкімдігі мен ҚХР СУАР Алтай қаласы арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • ШҚО Алтай ауданының әкімдігі мен ҚХР СУАР Көктогай ауданы арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • ШҚО Катонқарағай ауданының әкімдігі мен ҚХР СУАР Буршын ауданы арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • ШҚО Самар ауданының әкімдігі мен ҚХР СУАР Қаба ауданы арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;
  • ШҚО Зайсан ауданының әкімдігі мен Қытайдың Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының Бэйтунь қалалық халық үкіметі арасында бауырлас қарым-қатынастар орнату туралы ниеттестік хаттамасы;
  • ШҚО Зайсан ауданының әкімдігі мен Қобықсары ауданы арасында меморандум;
  • Xinjiang Jiangnan International Trading Co., Ltd компаниясы мен «ZAISAN GROUP» ЖШС арасында шұлық фабрикасын салу туралы келісім;
  • Xinjiang Hongye Tongda International Trade Co., Ltd компаниясы мен «Келгенбаев Ш. Д.» ЖК арасында Ресей Федерациясына тасымалдау және өткізу арқылы автокөліктерді импорттау туралы меморандум;
  • Xinjiang Altay Xinji International Trade Co., Ltd компаниясы мен «ВОСТОК-ФИШ» ЖШС арасында ауыл шаруашылық дақылдарын бірлесіп өсіру және түйіршіктелген құрама жем өндіру бойынша меморандум. Келісім сомасы – 3 млн АҚШ доллары;
  • Қытай Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Батыс ауыл шаруашылығы институты мен Қазақ марал, ара шаруашылығы және органикалық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты арасында өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Altai tur KZ» компаниясы мен «Шинжян Хайуай Халықаралық саяхат қоғамы» ЖШС арасында Қанас көлі мен Марқакөл көлі бағыты бойынша туристік автокөлік өткелін ашуға көмектесу туралы өзара тиімді ынтымақтастық меморандумы;
  • «Batu Agro» ЖШС мен Xinjiang Qinggeng International Trading Co., Ltd арасында өнім жеткізу бойынша негіздемелік келісім;
  • Xinjiang Jiangnan International Trading Co., Ltd және «UK Parts-Vostok» ЖШС арасында жабдықтар, құрылыс материалдары, қосалқы бөлшектер мен құрылыс техникасын сатып алу туралы шарт. 

2025 жылғы 15 ақпанда Тегеран қаласында өткен сауда-экономикалық миссия аясында:

  • «СПК «Ертіс» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы) мен Иран Ислам Республикасының Ет және ақуыз өнеркәсібі қауымдастығы арасында 500 млн АҚШ доллары сомасына ынтымақтастық туралы меморандумға;
  • «СПК «Ертіс» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы) мен Иранның SOLICO KALLEN компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2025 жылғы 19 маусымда Санкт-Петербург экономикалық форумының аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Тверь облысының Үкіметі (Ресей Федерациясы) арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салаларда халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды.

2025 жылғы 3 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Омбы облысының Үкіметі (Ресей Федерациясы) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2025 жылғы 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Санта-Катарина штатының әкімшілігі (Бразилия Федеративтік Республикасы) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жалпы, сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі іскерлік және дипломатиялық ынтымақтастықты дамыту, өңірлік өнімдерді шетел нарығына ілгерілету, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты халықаралық әріптестіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып келеді.

Документы
Ақпарат
09 октября 2026
ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасының сыртқы байланыстар бөлімінің 2026 жылғы III тоқсанға арналған есебі (шілде–қыркүйек)
Ақпарат
08 июля 2026
Сыртқы байланыстар бөлімі
2026 жылғы II тоқсанбойынша сыртқы байланыстар бөлімінің есебі
Ақпарат
08 июля 2026
Сыртқы байланыстар бөлімі
2026 жылдың I тоқсанындағы сыртқы байланыстар бөлімінің есебі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
9
Үлкен Алтай өңірлері Экономикалық кеңесінің III отырысы
6
2026 жылғы 18 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы делегациясының Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Барнаул қаласына жұмыс сапары
События
26 сентября
Халықаралық инвестициялық форум "Altai Invest - 2025"
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы