Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының туристік әлеуеті

Қызылорда облысы ғарыштық, тарихи және сауықтыру туризмін дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша туристер саны 120,4 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға көп.
Оның ішінде ішкі туристер саны 113,7 мың адамды, шетелдік туристер саны 
6720 адамды құрады.
Өңірде жалпы сыйымдылығы 5 108 орын болатын 153 орналастыру нысаны жұмыс істейді.
Облыста туристерді орналастыру нысандарын салу бойынша мынадай жобалар іске асырылуда:
• сыйымдылығы 150 орын болатын 5 жұлдызды қонақүй, жобаның құны – 20,0 млрд. теңге;
• 100 орындық «IBIS Qyzylorda» 3 жұлдызды қонақүйі, жобаның құны – 6 млрд. теңге;
• 63 орындық «Pana» қонақүйі, жобаның құны – шамамен 3,2 млрд. теңге.
2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өңірдің туризм саласына бағытталған инвестициялар көлемі 33,1 млрд. теңгені құрады.
 
Өңірдің туристік нысандары
Қазақстан Республикасының туристендіру картасына Қызылорда облысының 13 туристік нысаны енгізілген.
Оның ішінде:
• «Байқоңыр» ғарыш айлағы;
• «Сығанақ» қалашығы;
• «Арал геопаркі» жобасы;
• «Ханқожа» көлі;
• «Қорқыт ата» мемориалдық кешені;
• «Қамыстыбас» көлінің курорттық аймағы;
• Жаңақорғанның балшықпен емдеу курорттары;
• «Сауысқандық» шатқалындағы петроглифтер;
• «Жанкент» қалашығы;
• «Ақтас» мешіті;
• «Хорасан ата» кесенесі;
• «Оқшы ата» кесенесі;
• «Марал ишан» кесенесі.
 
Демалыс орындары
2026 жылдың жазғы маусымында демалушыларға 22 демалыс аймағы қызмет көрсетті.
 
Шипажайлар
Облыс аумағында жалпы сыйымдылығы 856 орын болатын 5 шипажай жұмыс істейді. 2026 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша келушілер саны 
11903 адамды құрады.
 
Жол бойындағы сервистік нысандар
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің Қызылорда облысы аумағындағы бөлігінде жол бойындағы 61 сервистік нысан жұмыс істейді. Оның 
59-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.
 
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қызылорда қаласында жаңа әуежай мен автовокзал салынды, ал теміржол вокзалы толықтай қайта жаңғыртылды.
Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы вокзалдарды абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Республикалық және халықаралық бағыттар бойынша 14 жұп жолаушылар пойызы және әртүрлі бағыттағы 38 маршрут қатынайды.
Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Ақтау – Қызылорда – Ақтау бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды.
«Қорқыт ата» әуежайынан Астана, Алматы және Ақтау бағыттары бойынша апта сайын шамамен 47 рейс орындалады.
 
Мемлекеттік қолдау шаралары
Туризм саласында енгізілген мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2026 жылы облыс бойынша Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындарын субсидиялауға мемлекеттік бюджеттен 16,9 млн теңге қарастырылған.
Қазіргі уақытта комиссия шешімімен 14 өтінім қолдау тауып, субсидиялануда.
 
«Байқоңыр» кешені
Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында жалпы нөмірлік қоры 671 нөмірді құрайтын 
7 қонақүй жұмыс істейді.
2026 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 5 зымыран-тасығыш ұшырылып, оларды 10 мыңнан астам турист тамашалады.
Қазақстандық туристік компаниялардың қатысуымен туризмді дамыту мақсатында 2024 жылы туристік қызметке қатысты мәселелер бойынша үйлестірушілер болып «Бәйтерек» АҚ және «Инфракос» ШЖҚ РМК белгіленді.
Байқоңыр қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылдануда.
Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағына кіруге арналған рұқсаттамаларды электрондық форматта рәсімдеу, сондай-ақ кешеннің туристік нысандарына баруға рұқсат алу үшін өтінім беру мерзімдерін қысқарту мәселелері пысықталды.
Аэроғарыш комитетінің қатысуымен 400 орынға арналған киіз үй форматындағы қазақстандық бақылау алаңы ашылды.
2026 жылғы сәуірде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру бағдарламасы аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Союз-5» («Сұңқар») зымыраны ұшырылды.
 
«Арал геопаркі» жобасы
2026 жылғы 22 сәуірде Аралды құтқарудың халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті бірегей табиғи-ғылыми нысан – «Арал геопаркін» құру туралы мәлімдеді.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2027 жылғы желтоқсанға дейін «Арал геопаркін» ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер желісіне енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды.
Жобаның мақсаты – Арал өңірінің табиғи-экологиялық, геологиялық, тарихи және мәдени мұрасын сақтау, ғылыми зерттеулерді дамыту, сондай-ақ экологиялық туризмді ілгерілету арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.
ЮНЕСКО талаптарына сәйкес Арал геопаркінің аумағында 4 туристік-танымдық маршрут әзірленді.
2025 жылғы қарашада «Арал геопаркін» ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер желісіне енгізу туралы өтінім ұйымның штаб-пәтеріне жолданды.
2026 жылғы сәуірде «Арал геопаркі» жобасына алдын ала бағалау жүргізу үшін өңірге ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласындағы халықаралық сарапшы арнайы келді.
Сапар қорытындысы бойынша сарапшы жобаны ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер желісіне енгізу жөнінде тиісті ұсынымдар берді.
2026 жылғы 6–13 шілде аралығында геопарк аумағында ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларының қатысуымен негізгі бағалау миссиясы өткізілді.
Бағалау миссиясының нәтижелері күтілуде.
 
Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету
Ағымдағы жылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.
2026 жылғы сәуірде Алматы қаласында «KITF-2026» халықаралық туристік көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме аясында шетелдік және отандық туристерге, зиялы қауым өкілдеріне өңірдің туристік бағыттары, тарихи нысандары және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылды.
2026 жылғы маусымда қазақстандық және шетелдік тревел-блогерлердің қатысуымен ақпараттық тур ұйымдастырылды.

 

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
Қызылорда облысының туризм басқармасының халықпен жұмыс туралы 2026 жылғы ІІІ тоқсаны бойынша есебі
Ақпарат
13 октября 2026
Қызылорда облысының туристік әлеуеті
Ақпарат
15 июля 2026
Қызылорда облысы туризм басқармасының 2 тоқсандағы атқарылған жұмыстары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы