Туризм саласы бюджетке түсетін салық түсімдері, жұмыс орындарының санын ұлғайту және шетел валютасының түсуі есебінен ел экономикасындағы маңызды секторлардың бірі болып табылады.
Қолайлы географиялық жағдайға ие бірегей табиғи, мәдени және тарихи мұра объектілері, қолайлы климаты бар Қызылорда облысы туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие.
Осы ретте, 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен туристердің жалпы саны 59,7 мың адамды құрап, өткен жылдың сәйкестік кезеңімен салыстырғанда 24,5 пайызға өсті
Оның ішінде, ішкі туристер саны – 57,7 мың, сыртқы туристер саны – 1940.
2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен 4909 орынды құрайтын 148 орналастыру орны (111 қонақ үйі және 37 хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер) жұмыс жасауда.
Өңірге келген туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету – өңірдің имиджіне тікелей әсер ететіндігі белгілі. Осы ретте, туристердің қызмет көрсету саласындағы сұраныстарын қанағаттандыру үшін өңірде халықаралық деңгейдегі 5 жұлдызды қонақ үйдің (150 орын, жоба құны – 20,0 млрд. тг),
3 жұлдызды «IBIS Qyzyzlorda» (100 орын, жоба құны – 6 млрд. теңге) және «Pana» (63 орын, жоба құны– шамамен 3,2 млрд. теңге) қонақ үй желілерінің құрылыстары жүруде.
Аймақта 2026 жылдың 5 айының қорытындысымен туризм саласына салынған инвестиция көлемі 15 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша:
Туристік салада енгізілген мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2026 жылы облыс бойынша Ұлттық стандартқа сәйкес келетін санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстау шығындары мемлекет есебінен субсидиялауға 16,9 млн. теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі бүнге комиссия шешімімен 13 өтінім қолдау тауып, субсидиялануда. Бүгінгі күнге «Геопарк Арал» геопаркін құру жолында талаптарға сәйкес нақты қадамдар жасалып, 4 бағытта маршруты қалыптасты.
Ағымдағы жылдың 6-13 шілде аралығында геопарк аумағында ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларының
(Жозе Бернардо Родригеса Брилья, Сому Саедиюнеси) негізгі бағалау миссиясы жоспарлануда.
Сапар қорытындысымен Жаһандық геопарктер тізіліміне ену бойынша нақты баға берілетін болады.