2025 жылдың 13 қарашасында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға білім беру бөлімінің басшысы А.А. Темиров, С. Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп - гимназияның директоры М.Ф. Иванова, тәлімгер мұғалімдер және олимпиадаға қатысушылар – білімі мен интеллектуалдық қабілетінің жоғары деңгейін көрсеткен ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.

Білім  бөлімінің басшысы А.А. Темиров қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөзін арнап, олимпиаданың ауыл оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін дамытудағы, талантты жастарды қолдаудағы және олардың білімге деген ұмтылысын ынталандырудағы маңыздылығын атап өтті. С. Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп -гимназиясының директоры М.Ф. Иванова құттықтау сөздерін жеткізді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеті қатысушы аймақтық кезеңде физика, биология, орыс тілі мен әдебиеті, информатика және ағылшын тілі сияқты әртүрлі пәндер бойынша екінші және үшінші орындарды жеңіп алды. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Тимирязев  қазақ жалпы білім беретін мектеп-интернатының оқушысы Білім басқармасының  алғыс хатымен марапатталды.

Барлық қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындық, кең көзқарас және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыс көрсеткені атап өтілді. Оқушылардың дайындығына елеулі үлес қосқан мұғалімдер мен тәлімгерлерге ерекше алғыс білдірілді.

Салтанат соңында жеңімпаздарға алдағы уақытта табысқа, жаңа жетістіктерге жету және олимпиаданың республикалық кезеңінде лайықты өнер көрсету тілектері айтылды.