
Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың жаратылыстану және математика пәндерін оқуға деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс пен зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында 31 қазанда 7-9 сынып оқушылары арасында ЖМБ пәндері бойынша «Ғылымның бастауында» атты аймақтық командалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада С.Мұқанов атындағы Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында өтті.
Іс-шараға ауданның жалпы білім беретін мектептерінің командалары қатысты. Әр команданың құрамында математика, физика, химия, биология және география пәндерінен жоғары жетістіктерге жеткен 7-9 сынып оқушылары болды. Олимпиада бірнеше бағыт бойынша өтті:
жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша теориялық және практикалық есептерді шешу;
Топтық зерттеу тапсырмасын орындау.
Олимпиада нәтижелері бойынша «Ғылым бастауында» атты олимпиаданың аймақтық кезеңінде аудан намысын қорғайтын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.