
Жалпы ақпарат
Әлібек Елубекұлы Құлсаров 1994 жылы 11 наурызда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
Білімі
2016 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы «Болашақ» академиясынан «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алды.
Еңбек жолын 2016 жылы «Шет ауданының құрылыс бөлімі» ММ-де жастар ісі бойынша тәжірибе алушы болып бастаған. 2016-2020 жылдары Шет ауданы әкімі аппаратында төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман міндетін атқарушы және бас маман қызметтерін атқарды. 2020–2023 жылдары «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі болды. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шет ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.