Меню

Страницы

Статья

Бюджет, салық және қаржы, экология,  кәсіпкерлік қызмет, экономика салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жылғы жұмыс жоспары

 

І тоқсан

(қаңтар-наурыз)

 

1. Тұрақты комиссия отырысында бақылау мақсатында мына мәселелерді қарау:

 - «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отырысының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 6/2 қаулысын іске асыру туралы;

 - «Тимирязев ауданының халқын электрмен жабдықтау қызметтерін

көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен проблемалары туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отырысының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 3/2 қаулысын іске асыру туралы

 2025 жылғы наурызға дейін

 

ІІ тоқсан

(сәуір-маусым)

 

1. Тұрақты комиссия отырысына мына мәселелерді зерделеу, дайындау және қарау:

 - 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы;

 - Елді мекендерді абаттандыру туралы

 2. Тұрақты комиссия отырысында бақылау мақсатында мына мәселені қарау:

 - «Су айдауыш мұнараларды салу қорытындылары және оларды одан әрі күтіп ұстау туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отырысының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 4/4 қаулысын іске асыру туралы

 2025 жылғы 1 мамырға дейін

ІІІ тоқсан

(шілде-қыркүйек)

1. Тұрақты комиссия отырысында қаралатын мына мәселені зерделеу, дайындау және қарау:

 - Ауданның әлеуметтік нысандары мен жолдарды жөндеу жұмыстарының барысы туралы

 2. Тұрақты комиссия отырысында бақылау барысында мына мәселелерді қарау:

 - «Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, ҚТҚ полигондарын заңды ресімдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отиырысының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 4/2 қаулысын іске асыру туралы

 2025 жылғы 1 шілдеге дейін

 - «Москворецк және Хмельницкий ауылдық округтерін көгалдандыруға және абаттандыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отиырысының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 6/1 қаулысын іске асыру туралы

 2025 жылғы 1 шілдеге дейін

 - «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Тимирязев ауылында жаңа блоктық-модульдік қазандық салу жөніндегі жобаны іске асыру, Сулы станциясының көппәтерлі үйлеріне және Хмельницкое ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына модульдік қазандық сатып алу және орнату туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отиырысының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 5/1 қаулысын іске асыру туралы

 2025 жылғы 1 тамызға дейін

-        «Мал шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға инвестициялар тарту жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» тұрақты комиссиялар бірлескен отиырысының 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 5/2 қаулысын іске асыру туралы

 2025 жылғы 1 тамызға дейін

ІV тоқсан

(қазан-желтоқсан)

1. Тұрақты комиссия отырысына мына мәселені зерделеу, дайындау және қарау:

- «ТимирязевКомунСервис» ЖШС директорының жылу режимін қамтамасыз ету және халықты ауыз сумен жабдықтау мәселелері жөніндегі есебі.

Дата публикации
02 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

09 октября 2025
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының  ХХVIII сессиясының қабылданған шешімдерінің тізбесі 19.09.2025 ж.
09 октября 2025
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының  ХХVII сессиясының қабылданған шешімдерінің тізбесі 04.08.2025 ж.
08 октября 2025
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының  ХХVI сессиясының қабылданған шешімдерінің тізбесі 25.06.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы