Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңестер

2022 жылғы 29 наурыз

Өкілеттігі тоқтатылған Қоғамдық кеңестің құрамына, сондай-ақ Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидаттардың резервтік тізіміне қосымша конкурс өткізу туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесі өкілеттігі тоқтатылған Қоғамдық кеңестің құрамына, сондай-ақ Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидаттардың резервтік тізіміне қосымша конкурс өткізеді.

Қоғамдық кеңес коммерциялық емес ұйымдар – қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың назарына конкурсқа қатысу үшін құжаттар конкурс туралы хабарландыру Тимирязев аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, мына жұмыс уақытында: 9.00-13.00, 14.30-18.30, демалыс күндері – сенбі және жексенбі, телефоны: 8-71537-2-10-16 ұсынылатынын хабарлайды.

Конкурсқа материалдарды жинауға жауапты – Қоғамдық кеңес хатшысы Б.М. Құсайынова, тел.87057565290. Мына мекен-жайға хабарласу қажет: Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 1, каб. № 105, электрондық мекен-жайы ostimiryazevo@mail.ru

         Конкурсқа қатысу үшін келесi құжаттар ұсынылады:

  1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. Өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (туған жерін көрсету, егер тегі өзгерсе, ауысқанға дейінгі тегі);
  3. ЖСН көрсетілген жеке куәліктің көшірмесі.
  4. Қоғамдық кеңестерге сайлану үшін кандидаттарға белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға (психоневрологиялық орталық), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа (наркологиялық орталық) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Ескертпе: психоневрологиялық және наркологиялық орталықтардан анықтамаларды кандидаттар конкурсқа құжаттар пакетімен бірге өз қолымен тапсырады (3 тармақша).

2022 жылғы 03 наурыз № 10/7                            

Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 8-тармағына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің мынадай құрамы бекітілсін:

Байдалин Төлеген Қабикенұлы - Комсомол ауылдық округінің әкімі;

Габова Антонина Геннадьевна – «Светлица» ҚБ төрағасы;

Даирова Римма Бәйкенқызы – «Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Тимирязев ауданының білім қызметкерлерінің кәсіптік ұйымы» филиалының төрағасы;

Жолкенова Жадыра Бағланқызы – жастар ресурстары орталығы директорының м.а.;

Квасова Людмила Владимировна – «Тимирязев ауданының соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ өкілі;

Мұстафин Сабыр Советұлы – ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Тимирязев аудандық филиалының басшысы;

Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы – өзін-өзі жұмыспен қамтушы;

Нұртазина Үмітжан Құрманқызы – аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;

Соболевская Светлана Григорьевна – «AMANAT» партиясы Тимирязев аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2. Аудандық мәслихаттың:

- 2016 жылғы 01 ақпандағы № 47/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы»;

- 2019 жылғы 04 ақпандағы № 31/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімдерінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесiнде мүшелiкке үмiткерлiкке конкурс жариялау туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383 V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесiнің жаңа құрамына мүшелiкке үмiткерлерге конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес құру жөнiндегi жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың – қоғамдық кеңестердiң, азаматтардың мәлiметiне конкурсқа қатысу үшiн құжаттар конкурс туралы хабарлама аудандық баспада жарияланған күннен бастап,10 жұмыс күннің ішінде, жұмыс уақытында сағат 9.00-13.00, 14.30-18.30, демалыс күндерi сенбi, жексенбi, тел. 8-(71537)-2-14-36 қабылданатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобы Тимирязев ауданының мәслихатында жұмыс iстейдi (151100, Тимирязев а. Тимирязев ауданы Солтүстік-Казақстан облысы, Уәлиханов к., 1, № 311 каб., байланыс телефоны: 8-(71537)-2-14-36. Электрондық адресi: tim_maslihat@bk.ru).

Конкурсқа материалдар жинауға жауапты – жұмыс тобының хатшысы Жадгеров Рашит Қанадұлы, тел. 8-(71537)-2-14-36.

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар ұсыну қажет:

  1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестiң құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтiнiшi.
  2. Кандидаттың өмiрбаян деректерiн көрсете отырып, кәсiптiк және (немесе) қоғамдық қызметi туралы мәлiметтер (туған жерiн, егер тегi өзгертiлген болса, ауысқанға дейiнгi тегiн көрсету).
  3. ЖСН № көрсетiлген жеке куәлiгiнiң көшiрмесi.
  4. Қоғамдық кеңеске сайланатын кандидаттарға белгiленген талаптарға сай келмейтiн кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшiн конкурсқа жiберiлмейдi.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергiлiктi деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы тиiс;

2) сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танымаған болуға тиiс;

3) психикалық ауруға (психоневрология орталығы), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа (наркология орталығы) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиiс.

Ескертпе: Психоневрологиялық және наркологиялық орталықтарының анықтамаларын кандидат конкурсқа ұсынатын құжаттар пакетiмен бiрге өз қолымен тапсырады (3 тармақша).

09.02.2022 жылдан өтініштерді қабылдау басталады және 22.02.2022 жылы аяқталады.

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

Тимирязев ауданының жаңа Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу үшін конкурс жариялау туралы хабарландыру

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тимирязев ауданының жаңа Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жарияланады.

Жұмыс тобының құрамы 5 адам көлемінде анықталады.

Жұмыс тобының мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы керек. Бұл өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өз бетінше айқындайды.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру орналастырылған күннен бастап жоғарыда көрсетілген мерзімде күнтізбелік бес күн ішінде қолма-қол немесе Tim_maslihat@bk.ru электрондық мекенжайға келесі құжаттарды ұсынады:

  1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. коммерциялық емес ұйымнан жұмыс тобының мүшелеріне үміткерді (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
  3. кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды мына мекен-жайға: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к., 1, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ, № 311 каб., немесе мына электрондық поштаға жіберу қажет: tim_maslihat@bk.ru Анықтама үшін телефон: 8-(71537)-2-14-36.

Қосымша

17.01.2022 ж.

№ 31/1
Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 27-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің мынадай құрамы бекітілсін:

  • Габова Антонина Геннадьевна – «Светлица» ҚБ төрағасы;
  • Домащенко Татьяна Валерьевна – Москворецкий ауылдық округінің әкімі;
  • Қоқанов Есімбай Оқанұлы – «Қоқанов Е.О.» ШҚ басшысы;
  • Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы – өзін-өзі жұмыспен қамту;
  • Нұрғалиев Мейрам Бауыржанұлы – «Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Тимирязев ауданының білім қызметкерлерінің кәсіптік ұйымы» филиалының төрағасы;
  • Нұртазина Үмітжан Құрманқызы – аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • Мұстафин Сабыр Советұлы – өзін-өзі жұмыспен қамту;
  • Шаяхметов Ғазиз Серікұлы – «Тимирязев ауданының соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ төрағасы.
  • Приходько Александр Геннадьевич – Тимирязев ауданы әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметі жөніндегі бас маманы;

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпандағы № 47/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2021 жылғы 30 наурыз № 3/10

Тимирязев аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 ақпандағы № 31/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 40-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тимирязев аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 ақпандағы № 31/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын;

«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 32-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

2) — Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына: өзін-өзі ұсынған — Сабыр Советұлы Мұстафин енгізілсін; Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамынан Бибігүл Аманбайқызы Телемесова шығарылсын.

Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың
ІІІ сессиясының төрағасы А. Асанова

Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Асанова

2021 жылғы 15 ақпан

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңес құрамына мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жариялау туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесiнің құрамына мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес құру жөнiндегi жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың – қоғамдық кеңестердiң, азаматтардың мәлiметiне конкурсқа қатысу үшiн құжаттар конкурс туралы хабарлама жарияланған күннен бастап, 10 жұмыс күннің ішінде, жұмыс уақытында: сағат 9.00-13.00, 14.30-18.30, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi, тел. 8-(71537)-2-14-36 қабылданатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобы Тимирязев ауданының мәслихатында жұмыс iстейдi (151100, Тимирязев а. Тимирязев ауданы Солтүстік-Казақстан облысы, Уәлиханов к., 1, № 311 каб., байланыс телефоны: 8-(71537)-2-14-36. Электрондық адресi: tim_maslihat@bk.ru).

Конкурсқа материалдар жинауға жауапты — жұмыс тобының хатшысы Жұмабаева Эльмира Мергеновна, тел. 8-(71537)-2-14-36.

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар ұсыну қажет:

  1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергiлiктi деңгейде қалыптастырылған жағдайда — тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат:

  1. сотталғандығы болмауы тиiс;
  2. сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танымаған болуға тиiс;
  3. психикалық ауруға (психоневрология орталығы), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа (наркология орталығы) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиiс.

Ескертпе: Психоневрологиялық және наркологиялық орталықтарының анықтамаларын кандидат конкурсқа ұсынатын құжаттар пакетiмен бiрге өз қолымен тапсырады (3 тармақша).

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

Тимирязев аудандық мәслихат хатшысының
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 6 өкiмiне қосымша

Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

№ р/р Кандидаттың Т.А.Ә. Лауазымы ҚБ атауы, жұмыс орны Байланыс тел.
1 Габова Антонина Геннадьевна Төрайым «Светлица» ҚБ 2-12-65
2 Жадгеров Рашит Қанадұлы Басшы «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
3 Жұмабаева Эльмира Мергенқызы Бас маман «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
4 Асанова Айман Серікқызы Хатшы Аудандық мәслихат 2-12-53
5 Нұрғалиев Мейрам Бауржанұлы Төраға «Тимирязев ауданының білім беру және ғылым қызметкерлерінің бастапқы кәсіподақ ұйымы» 2-01-52
6 Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы Менеджер-кеңесші Тимирязев аудандық Кәсіпкерлер палатасы 7-90-52
7 Приходько Александр Геннадьевич Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының филиалы 2-00-10
8 Ташев Шоқан Садуақасұлы Имам Тимирязев аудандық мешіті 2-00-80
9 Шаяхметов Ғазиз Серікұлы Төраға «Тимирязев аудандық Соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ 2-00-28

2019 жылғы 04 ақпан

№ 31/1
Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 27-тармағына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің мынадай құрамы бекітілсін:

  • Габова Антонина Геннадьевна – «Светлица» ҚБ төрағасы;
  • Домащенко Татьяна Валерьевна – «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» КММ бас маманы;
  • Қоқанов Есімбай Оқанұлы – «Қоқанов Е.О.» ШҚ басшысы;
  • Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы – Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Тимирязев аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі;
  • Нұрғалиев Мейрам Бауыржанұлы – «Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Тимирязев ауданының білім қызметкерлерінің кәсіптік ұйымы» филиалының төрағасы;
  • Нұртазина Үмітжан Құрманқызы – аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары;
  • Приходько Александр Геннадьевич – «Нұр Отан» партиясы Тимирязев аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
  • Телемесова Бибігүл Аманбайқызы – «Көшпелі» ЖҚБ төрағасы;
  • Шаяхметов Ғазиз Серікұлы – «Тимирязев ауданының соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ төрағасы.

2. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпандағы № 47/1 «Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың
ХХХІ сессиясының төрағасы
Е. Никитенко

Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

2019 жылғы 01 ақпан

Жұмыс тобының шешімдері

  1. Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің құрылған құрамы мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
  2. Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесі туралы әзірленген ереже жобасы Қоғамдық кеңестің отырысына талқылау үшін енгізілін.

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

2019 жылғы 17 қаңтар

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесiнің жаңа құрамына мүшелiкке үмiткерлiкке конкурс жариялау туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383 V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесiнің жаңа құрамына мүшелiкке үмiткерлерге конкурс жариялайды. Қоғамдық кеңес құру жөнiндегi жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдардың – қоғамдық кеңестердiң, азаматтардың мәлiметiне конкурсқа қатысу үшiн құжаттар конкурс туралы хабарлама аудандық баспада жарияланған күннен бастап, 10 жұмыс күннің ішінде, жұмыс уақытында сағат 9.00-13.00, 14.30-18.30, демалыс күндерi сенбi, жексенбi, тел. 8-(71537)-2-14-36 қабылданатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестi қалыптастыру жөнiндегi жұмыс тобы Тимирязев ауданының мәслихатында жұмыс iстейдi (151100, Тимирязев а. Тимирязев ауданы Солтүстік-Казақстан облысы, Уәлиханов к., 1, № 311 каб., байланыс телефоны: 8-(71537)-2-14-36. Электрондық адресi: tim_maslihat@bk.ru).

Конкурсқа материалдар жинауға жауапты – жұмыс тобының хатшысы Жұмабаева Эльмира Мергеновна, тел. 8-(71537)-2-14-36.

Конкурсқа қатысу үшiн келесi құжаттар ұсыну қажет:

  1. кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергiлiктi деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелiгiне кандидат:

  1. сотталғандығы болмауы тиiс;
  2. сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танымаған болуға тиiс;
  3. психикалық ауруға (психоневрология орталығы), алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа (наркология орталығы) байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиiс.

Ескертпе: Психоневрологиялық және наркологиялық орталықтарының анықтамаларын кандидат конкурсқа ұсынатын құжаттар пакетiмен бiрге өз қолымен тапсырады (3 тармақша).

Қоғамдық кеңес құру
жөнiндегi жұмыс тобы

2019 жылғы 17 қаңтар

Жұмыс тобының шешімдері

  1. Қоғамдық кеңестің сандық және дербес құрамы 9 адам болып белгіленсін, онда 6 – коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар, 3 – мемлекеттік органдар өкілдік етеді.
  2. Қоғамдық кеңеске мүшелік туралы конкурс туралы хабарландыру дайындалсын және интернет-ресурста орналастырылсын. 
  3. Жұмыс тобы Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ереженің жобасын (үлгі негізінде) әзірлесін.

Жұмыс тобының құрамы туралы №5 өкімі

Тимирязев аудандық мәслихат хатшысының
2019 жылғы 17 қаңтардағы
№ 5 өкiмiне қосымша

Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

№ р/р Кандидаттың Т.А.Ә. Лауазымы ҚБ атауы, жұмыс орны Байланыс тел.
1 Габова Антонина Геннадьевна Төрайым «Светлица» ҚБ 2-12-65
2 Ескендиров Самат Зиятұлы Басшы «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
3 Жұмабаева Эльмира Мергенқызы Бас маман «СҚО Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ 2-14-36
4 Мұстафин Сабыр Советұлы Хатшы Аудандық мәслихат 2-12-53
5 Нұрғалиев Мейрам Бауржанұлы Төраға «Тимирязев ауданының білім беру және ғылым қызметкерлерінің бастапқы кәсіподақ ұйымы» 2-01-52
6 Мұхамеджанов Ерлан Бейсембайұлы Менеджер-кеңесші Тимирязев аудандық Кәсіпкерлер палатасы 7-90-52
7 Приходько Александр Геннадьевич Бірінші орынбасары «Нұр Отан» партиясының филиалы 2-00-10
8 Ташев Шоқан Садуақасұлы Имам Тимирязев аудандық мешіті 2-00-80
9 Телемесова Бибигүл Аманбайқызы Төрайым «Көшпелі» ЖҚБ 7-90-49
10 Шаяхметов Ғазиз Серікұлы Төраға «Тимирязев аудандық Соғыс, еңбек ардагерлерінің кеңесі» ҚБ 2-00-28

2018 жылғы 26 желтоқсан

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа бақылаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс ұйымдастыруға байланысты байқаушылар тізімін іріктеу жүргізіледі.

Конкурсқа байқаушылардың қатысулары үшін құжаттар қабылдау мерзімі аталмыш хабарландыруды жариялау күнінен бастап он жұмыс күнін құрайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін ниет білдірген тұлға Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін қосымшаға сәйкес нысанда өтініш ұсынады.

Өтінішті мына мекен-жайға: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к. 1, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ, № 311 каб., немесе мына электрондық поштаға жіберу қажет: tim_maslihat@bk.ru Анықтама үшін телефон: 8-(71537)-2-14-36.

Қосымша

2018 жылғы 26 желтоқсан

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу үшін конкурс жариялау туралы хабарландыру

Тимирязев ауданы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Тимирязев ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жарияланады.

Жұмыс тобының құрамы 9 адам көлемінде анықталады.

Жұмыс тобының мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы керек. Бұл өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өз бетінше айқындайды.

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жоғарыда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. коммерциялық емес ұйымнан жұмыс тобының мүшелеріне үміткерді (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттарды мына мекен-жайға: 151100, СҚО, Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Уәлиханов к., 1, «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты» КММ, № 311 каб., немесе мына электрондық поштаға жіберу қажет: tim_maslihat@bk.ru Анықтама үшін телефон: 8-(71537)-2-14-36.

Қосымша

Дата публикации
18 декабря 2022
Дата обновления
18 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

09 октября 2025
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының  ХХVIII сессиясының қабылданған шешімдерінің тізбесі 19.09.2025 ж.
09 октября 2025
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының  ХХVII сессиясының қабылданған шешімдерінің тізбесі 04.08.2025 ж.
08 октября 2025
VIII сайланған Тимирязев аудандық мәслихатының  ХХVI сессиясының қабылданған шешімдерінің тізбесі 25.06.2025 ж.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы