GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Бөлім туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
09 июля 2026
026 жылғы 17 маусымда Тереңкөл ауылдық округі әкімдігі аудан әкімдігі, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және білім бөлімімен бірлесіп шомылу маусымы аясында рейдтік іс-шаралар өткізді.

2026 жылғы 17 маусымда Тереңкөл ауылдық округі әкімдігі аудан әкімдігі, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі және білім бөлімімен бірлесіп шомылу маусымы аясында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында демалушылармен судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды. Балалардың су айдындарында ересектердің қарауынсыз болуына жол бермеу, сондай-ақ судағы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Құрметті округ тұрғындары мен қонақтары! Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға, өз өміріңіз бен денсаулығыңызды қорғауға шақырамыз.

09 июля 2026
Тереңкөл ауданының білім беру ұйымдарында жазғы лагерьлердің алғашқы маусымы сәтті аяқталды.

Тереңкөл ауданының білім беру ұйымдарында жазғы лагерьлердің алғашқы маусымы сәтті аяқталды.

Демалыс кезеңінде мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлерде, сондай-ақ Оқушылар үйі жанындағы қала сыртындағы лагерьде 1170 бала демалып, сауықтыру шараларымен қамтылды.

Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақытын мазмұнды өткізуге бағытталған түрлі мәдени-көпшілік, спорттық, танымдық және шығармашылық іс-шаралар өткізілді.

Лагерь тәрбиеленушілері түрлі байқауларға, викториналарға, спорттық жарыстарға, экскурсияларға және тақырыптық күндерге белсенді қатысты. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескерілді.

Әр күн жаңа әсерлерге, қызықты кездесулерге және пайдалы істерге толы болды. Балалар шығармашылықтарын шыңдап, жаңа білім алып, достар тауып, жазғы демалысын көтеріңкі көңіл күймен өткізді.

Лагерь ауысымының жабылуы жылы әрі достық атмосферада өтті. Балалар жазғы демалыс кезеңінен жарқын естеліктермен, жақсы көңіл күймен және ұмытылмас әсерлермен оралды. Тереңкөл ауданында балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.

08 апреля 2026
Оқу-ағарту министрлігі халықаралық ұйыммен ынтымақтастық туралы талқылады

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы әрі Қазақстандағы Елдік кеңсе өкілі Джерен Гювен Гюрэспен ресми кездесу өткізді. Басқосуға «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы бағдарламалар басшысы Дина Амришева да қатысты. Тараптар білім беру саласындағы іргелі реформаларды және бала құқықтарын қорғау тақырыбын талқылады.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нәтижелері туралы айтылды. Бүгінгі таңда елімізде 217 заманауи мектеп пайдалануға берілсе, оның 84-і ауылдық жерлерде бой көтерген. Министр бұл қадам ауыл мен қала арасындағы білім сапасының теңсіздігін жоюға және шалғай елді мекендерде халықаралық стандарттарға сай білім ошақтарының салынуына мүмкіндік бергенін айта келе, оқушылардың білім алу мүмкіндігін теңестіру - еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті.

Білім саласындағы кадрлық әлеуеттің дамуына тоқталған Жұлдыз Сүлейменова: «Бүгінде елімізде педагогтердің 81 пайызы -әйелдер. TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің қорытындылары отандық білім беру саласындағы оң нәтижелерді көрсетті. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған іргелі реформалардың арқасында мұғалімдердің 95 пайызы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80 пайызы кәсіби таңдау мүмкіндігі қайта берілсе, тағы да осы мамандықты таңдайтынын білдірген. Бұл көрсеткіштер мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған Президенттің іргелі реформаларының тиімділігін көрсетеді», - деді.

Балалардың құқықтық сауаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік 10 маңызды заңды ілгерілетті. Атап айтқанда, зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» принципі енгізіліп, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді. 2025 жылғы заңнамалық жаңартулар аясында қорғаншылық талаптар күшейіп, бала құқықтарын қорғау бойынша өңірлік органдардың функциялары кеңейтілді және мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері бекітілді.

Өз кезегінде Джерен Гювен Гюрэс Қазақстанның гендерлік саясат пен білім берудегі жетістіктерін жоғары бағалап, Министрлікті бірнеше бағыт бойынша серіктестікті нығайтуға шақырды. Кездесу соңында Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының әйелдер қауымын қолдауға бағытталған саясатының маңыздылығын атап өтіп, мәртебелі мейманға Қазақстанның cаясаттағы әйелдері туралы кітапты тарту етті.

31 января 2026
Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жарияланды. Бастаманың негізінде ұлттық байлық әрбір азаматқа бала кезінен бастап нақты әрі тікелей пайда әкелуі қажет, ал табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін табыс нысаналы түрде және тең дәрежеде бөлінуі тиіс деген қағидат жатыр.

Бастаманы іске асыру 2024 жылғы 1 қаңтардан басталды. Бағдарламаға 2006 жылдан бастап туған Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық балалары қатысады. Бағдарлама іске қосылған кезеңде 6 919 131 баланы қамтиды. 2024 жылы 304 815 қатысушы жинақталған қаражатты пайдалану құқығына ие болатын жасқа жетті. Қаражатты есептеу барлық қатысушылар үшін тең шарттар аясында жүзе…
[14:13, 31.01.2026] Bisembaiuly Bauyrzhan: Коллеги @all понимаю, что выходной, но пришло поручение
[14:14, 31.01.2026] Bisembaiuly Bauyrzhan: Всем организациям образования и ОО необходимо выставить эти 2 публикации

28 января 2026
Білім беру ұйымдары басшыларының жұмыс кеңесі өтті

26 қаңтар күні Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында, білім беру мекемелері басшыларының кезекті кеңесі өтті.

26 января 2026
Менің әкем – полиция қызметкері

«Құқықтық тәртіп» акциясы аясында 23 қаңтар күні балабақшалар және мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиенушілеріне арналған «Менің әкем – полиция қызметкері» атты онлайн сурет көрмесі өтті.

26 января 2026
Аудандық «Абай оқулары – 2026

Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылғы 9 қаңтарда ұлы ойшыл Абай Құнанбаев шығармаларын насихаттауға арналған аудандық «Абай оқулары» өтті.

📖 «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» (жатқа оқу)
🥇 І орын – Хамидула Баян Асилханқызы (Тілеубай мектебі, 8-сынып, мұғалімі: Джумагалиева А.И.)
🥈 ІІ орын – Шинкоренко София (А.Н. Ёлгин атындағы №1 ЖОББМ, 8-сынып, мұғалімі: Исмаилова Ж.Н.)
🥉 ІІІ орын – Александрова Милена (Песчан №1 ЖОББМ, 9-сынып, мұғалімі: Ильясова А.Б.)

🎶 «Көңілім әнді ұғады» (музыкалық конкурс)
🥇 І орын – Айгожина Аружан (Песчан №1 ЖОББМ, 10-сынып, мұғалімі: Асаева Ж.Х.)

✍️ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (жас дарындар, авторлық шығарма)
🥈 ІІ орын – Даулетбек Кәусар (Береговая ЖОББМ, 7-сынып, мұғалімі: Мирманова Н.А.)
🥉 ІІІ орын – Нурпеисова Жасмин (Алтай ЖОББМ, 8-сынып, мұғалімі: Кайниденова С.А.)

👏 Жеңімпаздар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
📚 Абай мұрасы – мәңгілік қазына!

26 января 2026
Мен және менің құқығым

«Заң және тәртіп “ айлығы шеңберінде 21 қаңтарда “А.Н. Елгин атындағы 1 ЖОББМ” КММ базасында аудандық мектептердің 9 сынып оқушылары арасында Тереңкөл ауылының тұрғындарына қарсы “Не? Қайда? Қашан? “ атты қысқы ойындар сериясы өткізілді. Ойынға қатысушылар белсендік пен қызығушылық танытып, командада жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін көрсетті. Ойынның сұрақтары нашақорлықтың, интернеттегі алаяқтықтың алдын алуға, темекі шегу, сонымен қатар оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталды. Іс- шараға білім бөлімінің әдіскері Б.А.Уртаков, құқық қорғау органдарының өкілдері И.А. Шабамбаев , Б.А. Костренко қатысып, аталған тақырыптардың өзектілігін және қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.

05 декабря 2025
Ыстық тамақпен тамақтануларының ұйымдастырылуына және санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг

Ауданның ведомствоаралық сараптама тобы, білім беру объектілерінде оқушылардың қауіпсіз және сапалы ыстық тамақпен тамақтануларының ұйымдастырылуына және санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторингін  жүргізуде.

28 ноября 2025
Тереңкөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру

«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Тереңкөл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;

  • мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;
  • санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;
  • педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;
  • ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.

Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 243, 1 қабат, 3 кабинет мекенжайы бойынша, 2025 жылғы 1-3 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электрондық поштаға: mo.oo.akr@pavlodar.gov.kz.

Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2025 жылғы 10 желтоқсан дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.

Тереңкөл ауданының  білім беру бөлімі

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы