GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
13 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 20-ші отырысын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің

20-ші отырысын өткізу туралы

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 15 қазан  күні сағат 11:00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:

1.  Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы2.Және басқа да мәселелер. 

Қоғамдық кеңесінің

төрағасы                                                                       М.Ибраев

28 сентября 2026
Бүгін Теректі ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бүгін Теректі ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Теректі ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында ауданның дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына қатысты үш маңызды мәселе қаралды.

Бірінші мәселе — аудан бюджетіне өзгерістер енгізу. Баяндаманы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Сарсенова жасап, қажетті түзетулер туралы толық ақпарат берді. Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, тиісті түсініктемелер алды және ұсынылған өзгерістерді бірауыздан қолдады.

Екінші мәселе — ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізу. Бұл мәселе де экономика және қаржы бөлімінің басшысы тарапынан жан-жақты түсіндірілді. Мәселе қаралып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілгеннен кейін ұсынылған өзгерістер мақұлданды.

Үшінші әрі кеңінен талқыланған мәселе — қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару тарифін көтеру. Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы К. Есетов тарифті көтеру қажеттілігін негіздейтін есептерді ұсынды.

Қоғамдық кеңес ұсынылған материалдармен танысып, ұзақ талқылаудан кейін аудан тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізу туралы шешім қабылдады. Қоғамдық тыңдауға есеп-қисаптарды әзірлеушінің қатысуына ерекше назар аударылмақ. Бұл тұрғындарға өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік береді.

Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша тарифті көтеру мәселесі Қоғамдық кеңестің отырысында қайта қаралатын болады.

Мұндай тәсіл аудан тұрғындары үшін маңызды мәселелерді шешу барысында барынша ашықтықты қамтамасыз етуге және халықтың пікірін ескеруге бағытталған.

25 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 19-ші отырысын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің

19-ші отырысын өткізу туралы

 Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 28 қыркүйек  күні сағат 11:00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:

1.        Теректі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2.Және басқа да мәселелер.
Қоғамдық кеңесінің

төрағасы                                                                       М.Ибраев

25 сентября 2026
"Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясын шақыру туралы" Теректі аудандық мәслихатының төрағасының 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №35 шешімі

Теректі аудандық мәслихаты төрағасының

ШЕШІМІ

№35                                                                               2026 жыл 24 қыркүйек

 Аудандық мәслихаттың 34-ші кезектен тыс

сессиясын шақыру туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10- бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық мәслихаттың 34-ші кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында келесі күн тәртібімен шақырылсын:

1.        Теректі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 29-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2.Және басқа да мәселелер.

 Мәслихат төрағасы                                                              А.Нургалиев

07 сентября 2026
4 қыркүйекте аудандық мәслихаттың 33-сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы А. Нургалиев ашты.

4 қыркүйекте аудандық мәслихаттың 33-сессиясы өтті. Сессияны мәслихат төрағасы А. Нургалиев ашты.

Сессия жұмысына аудан әкімі А. Мұханбетжанова, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппараты басшысының м.а., аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысының бекітілген регламентіне сәйкес, бірінші мәселе бойынша «Аудандық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп» баяндамасымен аудан әкімі А. Муханбетжанова сөз сөйледі. Ол депутаттар мен сессияға қатысушыларға ауданның барлық салаларындағы ахуал, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары және ауданның даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Әкімнің баяндамасынан кейін депутаттар тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Аудан басшысының атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдап, талқылағаннан кейін депутаттар оны бірауыздан мақұлдап, бекітті.

Сонымен қатар, сессия барысында депутаттар басқа да бірқатар мәселелерді қарастырып, олардың барлығы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

31 августа 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 18-ші отырысын өткізу турал

ХАБАРЛАНДЫРУ

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 18-ші отырысын өткізу туралы

 

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 4 қыркүйук  күні сағат 10:00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:

  1. Аудан әкімінің есебі.

2.Аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіппен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы 

3.Басқа да мәселелер.

  

Қоғамдық кеңесінің

төрағасы                                                                       М.Ибраев

28 августа 2026
Бүгін Теректі ауданының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бүгін Теректі ауданының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы М. Ибраев жүргізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Д. Ғұмаров қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы негізгі мәселелердің бірі ретінде қаралды. Бұл бағытта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы С. Сәрсенова «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» баяндама жасады.

Сонымен қатар Подстепное, Шаған және Ұзынкөл ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі есептері тыңдалды.

Жиында тұрғындарды қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және шығару, сондай-ақ Теректі селолық округі полигонының аумағын күтіп ұстау мәселелері де қаралды. Осыған байланысты ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ақпарат ұсынылды. Қоғамдық кеңес мүшесі Қ. Ахмадиев аталған мәселеге қатысты сұрақ қойып, жауап алды.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңеспен келісу үшін аудан әкімдігінің конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін бекіту туралы қаулысының жобасы ұсынылды.

Бұдан бөлек, Теректі аудандық мәслихаты шешімдерінің жобалары, атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу және мемлекеттік мекеме туралы ережеге қатысты мәселелер қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қаралған қаулы мен шешім жобаларына қатысты тиісті ұсынымдар берді.

25 августа 2026
Аудандық мәслихаттың 33-ші кезекті сессиясын шақыру туралы

Теректі аудандық мәслихаты төрағасының

ШЕШІМІ

 №34                                                                                                         2026 жыл 25 тамыз

 Аудандық мәслихаттың 33-ші кезекті

сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10- бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық мәслихаттың 33-ші кезекті сессиясы 2026 жылғы  4 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында келесі күн тәртібімен шақырылсын:

  1. Шағынжәне орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы есеп.
    1. Және басқа да мәселелер.

Мәслихат төрағасы                                                              А.Нургалиев                                 

 

24 августа 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 17-ші отырысын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 17-ші отырысын өткізу туралы

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 28 тамыз  күні сағат 10:00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Кеңес отырысының күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді:

  1. «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы есебі
  2.  Басқа да мәселелер.

  

Қоғамдық кеңесінің

төрағасы                                                                       М.Ибраев

18 августа 2026
2026 жылғы 22 қыркүйек күні Көпшілік тыңдау өткізу туралы хабарландыру.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4)- тармақшасы негізінде 2026 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 11:00-де Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 мекен жайы бойынша аудан әкімінің ғимаратында «Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы» мәселе бойынша көпшілік (жария) тыңдау өтеді.

 

Теректі аудандық мәслихаты

Тел:871132 21935

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы