Меню

Страницы

Статья

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін Сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін

Сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру

 

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы хабарлайды:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде Теректі ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1 отырысының хаттамасына сәйкес Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 12 адам.

Мемлекеттік органнан өкілдік: 4 адам.

Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан өкілдік ету: 8 адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады).

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 5 қаңтарынан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда сағат 18.00-ға дейін).

Пошталық мекенжай: «Теректі аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқаркөшесі, № 18-үй, №11 кабинет, жұмыс телефон нөмірлері: 8(71132) 21935, 23131.

Электрондық поштаның мекенжайы: ter-maslixat@mail.ru.

Жұмыс тәртібі: «Теректі аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі. «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсерететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

  1. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кімге: Теректі ауданының Қоғамдық кеңесін

Қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

басшысына

ТАӘ___________________________

жеке куәлік № __________________

____________________________ берілді.
Теректі ауданы, ______________ мекенжайы бойынша тұратын.

 

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына

Кандидатураны ұсыну туралы

ӨТІНІШ

Мен, ________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

Теректі ауданыныңҚоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын.

Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Заңның 10-бабының талаптарына сәйкестікті растаймын.

Мен мынадай құжаттардықосаберемін:

1) жеке куәлік;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсерететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы, 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Осы өтінішпен соттылықтың болуы немесе болмауы туралы; психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы мәліметтерді сұратуға өзімнің жазбаша келісімімді беремін.

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                             (қолтаңбасы)      (қолтаңбаның толық жазылуы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кімге: Теректі ауданының Қоғамдық кеңесін

қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

басшысына

____________ТАӘ

БИН: ___________, заңды мекенжайы: Теректі ауданы,               ауылы _______ көшесі, ______-үй.

 

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы ұсыныс

_________________________________________________________________,

(коммерциялық емес ұйымның атауы)

__________________________________________________________________

Теректі ауданының аумағында тіркелген және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын заңды мекенжайы:

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына ұсыну үшін

__________________________________________________________________

__________________________________болып табылатын қызметтің мақсаты

_________________________________________________________________,

_______________________________________кандидатураны қарауды сұрайды,

                                                                                           (тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________________. лауазымы (немесе басқа мәртебе)

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшесіне қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігін растаймыз.

Мынадай құжаттарды қоса береміз:

1) жеке куәлік;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат Заңның 10-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.

Кандидатураның кәсіптік және (немесе) өзге де қызметі туралы мәліметтер өмірбаян деректерін көрсете отырып (оның ішінде: тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайын, туған күнін көрсету, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беру қажет) ұсынылады.

Кандидатураның қатысуға келісімі туралы өтініші қоса беріледі.

 

 «___»__________20____ ж.

_________________   ___________________       _____________________

(лауазымы)                                   (қолтаңбасы)                             (қолтаңбаның толық жазылуы)

 

              МО

Ұсыныстардың үлгісі

 

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы ұсынысқа қосымша

Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсынуға келісім

Мен, ________________________________________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты)

«___» _____________ ________ жылы туған, жеке куәлік №_________________, (кімнен)___________ «___»____________ жылы берген,______________________________________________________________________________________________________________________________ мекенжайы бойынша (тұратын) тіркелген. Теректіаудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынуға келісімімді беремін.

Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптардың Заңның 10-бабында сәйкестігін растаймын (құжаттар қоса беріледі) немесе осы мәліметтерді сұратуға өзімнің жазбаша келісімімді беремін (қажетінің асты сызылсын).

«___» ________ 20_____ ж.     ________________      _____________________

                                                 (қолтаңбасы)              (қолтаңбаның толық жазылуы)

Дата публикации
05 января 2025
Дата обновления
05 января 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
05 января 2025
Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін Сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру
Хабарлама
29 февраля 2024
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы ХАБАРЫ
Хабарлама
02 февраля 2024
Теректі ауданының Қоғамдық кеңесі қалған өкілеттік мерзіміне Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға байқау (қосымша сайлау) жариялайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы