Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы ХАБАРЫ

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының сайлау

комиссияларындағы бос орындар туралы

ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, және Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы  қаращадағы №90, 2024 жылғы 29 ақпандағы №2 Теректі аудандық мәслихаты мына сайлау комиссияларының бос орындар бары туралы хабарлайды.

 

Сайлау комиссияларында 14 бос орын қалыптасты;

№1 округтік сайлау комиссиясы-2 бос орын;

№2 округтік сайлау комиссиясы-2 бос орын;

№4 округтік сайлау комиссиясы-2 бос орын;

№5 округтік сайлау комиссиясы-1 бос орын;

№6 округтік сайлау комиссиясы-1 бос орын;

№8 округтік сайлау комиссиясы-2 бос орын;

№11 округтік сайлау комиссиясы-1 бос орын;

№12 округтік сайлау комиссиясы-2 бос орын;

№352 учаскелік сайлау комиссиясы-1 бос орын;

 

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2024 жылғы 1 наураздан бастап 2024 жылғы 15 наурызға дейін қоса алғанда мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2024 жылғы  15 наурызға дейін қоса алғанда дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-га дейін жүзеге асырылады.

  Теректі аудандық мәслихат

 

Нургалиев Альжан Жаксигереевич Теректі аудандық мәслихаттың төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы,  Сұңқар көшесі, 18 үй үй.

Жауапты адам - Кенжегулов Булат Мухитович, тел: (871132) 23131, электрондық пошта:ter-maslixat@mail.ru.

 

 

 

 

 

қосымша

 

Нысан

_____________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

төрағасына  _____________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

тұратын

                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

_____________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

_____________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

Өтініш

Мен,___________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

________________________________________________________________      (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар______________________________

( иә, ___ жыл/ жоқ)

Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

2024 жылғы «____»____________                                        _________________________

                        (өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________

Білімі   ______________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________

Атқаратынқызметі __________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері __________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1

 

әкесі

2

 

анасы

3

 

ұлы

4

 

қызы

5

 

ағасы

6

 

әпкесі

7

 

атасы

8

 

әжесі

9

 

немересі

10

 

жұбайы (зайыбы)

 

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
05 января 2025
Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін Сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру
Хабарлама
29 февраля 2024
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы ХАБАРЫ
Хабарлама
02 февраля 2024
Теректі ауданының Қоғамдық кеңесі қалған өкілеттік мерзіміне Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлауға байқау (қосымша сайлау) жариялайды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы